Биыл облысымызда әйгілі тұлғалардың мерейтойлық даталарына орай бірқатар ауқымды шаралар жоспарланған. Мәселен, алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың 125, тарихшы, археолог Әлікей Марғұланның 120, Жүсіпек Аймауытовтың 135 жылдығына орай әр түрлі деңгейдегі шаралар легі жоспарланып отыр. Бұл шаралар қалай өтуі керек? Тұлғалардың өмірі мен еңбегін таныту жолында нені ескеру керек? Достық үйінде зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиын айтылды.

Ұлылар мекені биыл жиыны 20 дан астам жуық тарихи тұлғаның, ондаған ұжымдық және айрықша оқиғалардың мерейтойлақ датасын атап өтеді. Тарихи тұлғалар ғылым мен білім, бұқаралық ақпарат құралдары, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызметте еңбек етіп, тарих беттеріне өшпес ат қалдырған жандар.

АЙНҰР РАИСОВА, АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Кеңес одағының батыры Андрей Елгиннің 125 жылдығы, полковник Әбілқайыр Баймолдниннің 115 жылдығы және Қанаш Хамзинның 105 жылдығы. Теміржолшы Әби Сарқыншақовқа 90, суретші Ғалым Қаржасовтың 70 жыл, журналист Төлеубек Қоңыровтың 85 жылдығына арналған еске алу кештері өтеді. «Сарыарқа самаы» газетінің, Б. Ахметов колледжінің 95 жылдық мерейтойы өтеді. Қалқаман кентіне 60 жыл, Ертіс-Қарағанды каналына 50 жыл, Аққулы мен Май ауданының құрылғанына 85 жыл толады.

Осы мерейтойлардың ішінде әлемге танымал түлға, Қазақстан ұлттық академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы айрықша аталып өтілмек. Негізгі шара мамыр айында Баянауылда өтеді деп жоспарланып отыр. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан басталатын шара 125 киіз үй тігілетін мәдени көпшілік шараға ұласпақ. Осы және өзге де шараларды қалай және қандай мазмұнда өткізген дұрыс. Зиялы қауымммен өткен жиынның басты тақырыбы осы.

Зиялы қауім өкілдері өз ойларын ортаға салды. Мәселен, ақын, өлкетанушы Сайлау Байбосын Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жеріне барып, дұға жасап қайту керектігін, жазушының мұраларын тыңнан зерттеп, кітап шығару ісі ұрпаққа үлгі екендігін айтты. Бұл тұрғыда Шымкент қаласында іс-шаралар былтырдан бері басталып кеткен.

Ең басты мақсат ұлт мұрасын түгендеп, ұландарын ұлықтау. Ұлт түлғаларына арналған шараның мазмұнды өтуіне Ертіс телеарансы да ат салысады.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА