1 қаңтардан бастап елімізде бірқатар заңнамаларға толықтырулар енгізілді. Олардың қатарында зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын азаматтарға берілетін жәрдемақы бар. Арнайы әлеуметтік төлемдер алудың шарттары қандай? Тілші әңгімесінде.

Бүгін өндірісте жарақат алу көрсеткіші әлі де жоғары. Жыл сайын өнеркәсіпте еңбек ететін мамандар ауыр зақым алып, жазатайым оқиғаларға тап болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл елімізде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнайы жәрдемақы тағайындалды. Төлем жасы 55 ке толған және 7 жыл зейнетақы аударымдары бар азаматтарға тиесілі. Осы орайда облыстық мәслихат депутаттары зауыт қызметкерлерімен кездесіп, заңнаманы түсіндірді.

САЯТ ЕЛҒОНДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Павлодар облыстық мәслихатының мождернизациясында арнайы мәслихат сессиясының шешімі бойынша депутаттардан құрылған еңбек тобы құрылды. Бұл топқа әр партия өкілі кірді. Басты мақсаты еңбек адамының құқығын қорғау оларға ақпараттық жұмыстарын жүргізу яғни елімізде әр қабылданған заң жұмысшыларға байланысты оларға тікелей арнайы мамандарды қосып, әкеліп олармен жүздесу.

Сондай-ақ жұмысшының денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесі де ескеріледі. Айта кетейік, жәрдемақы 4 негізгі төлемдерден алынады. Бұл, республикалық бюджеттен,бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан,сақтандыру компанияларынан және жұмыс берушіден төленеді. Ай сайын төленетін жәрдемақы 4 күнкөріс деңгейі мөлшері негізінде беріледі. Жеңіл еңбек шарттарына ауысып, әрі қарай жұмыс істеуге болады. Бұл қызметкердің талабына қарай. Талғат Тұрсынбаева құбарларды қайта өңдеу өнеркәсібінде еңбек етеді. Бұл бастама еңбек адамдары үшін өте тиімді дейді ол.

ТАЛҒАТ ТҰРСЫНБАЕВ, ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Былай жақсы түгелі түсіндіргендері бізге керек негізі. Біз қарапайым жұмыскерлерміз. Содан бәрін айтып түсіндірді. 55 жасқа келіп қалып, вредный условия труда істегендер. Негізі керек. Адамдар жасына жеткенше 63 ке дейін, 55 ке дейін өте жақсы. Ауыр жұмыста адам көпке дейін шыдай алмайды. 55 істегендері өте дұрыс. Әрмен қарай жұмыс істеу керек. Стажы тұрып қалмасын деп.

Айта кетейік, төлем зейнеткерлік жасқа толғанға дейін төленеді. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін тоқтатылады.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ. ЕА