Ақтоғай ауданында картоп жинауға қызу кірісті. «Гала» атауымен танылған сұрыпты 26-тамыздан бастап жинай бастаған. Аудандықтар қазір науқанды сапалы аяқтауға бар күш-жігерлерін салуда.
Мына 68 гектар алқапта жұмыс аяқталуға жақын. Одан кейін мамандар басқа орынға ауысады. Барлығы 1340 гектарды күн суытқанша орып алу керек. Ол үшін алқапта 15 адам күні бойы бел жазбай еңбек етуде. Тағы 60 шақты адам картопты сұрыптап, ретке келтіреді. Бұндағы бүкіл жұмыс механикаландырылған. Заманауи, еуропалық жабдықтар қолданылады.
Олег Петушин, «Ақтоғай-Агро» ЖШС бас технологы
Менің артымда тұрған қызыл техника «Гриммилер». Өзге де жаңа техника түрлері бар. Өздігінен жұмыс істейтін комбаин 8 қатарды бірден жинайды.
Ауа-райы әрқашан қолайлы бола бермейді. Түнгі жаңбыр жұмысты қиындатады, бірақ бүкіл өнімді шығынсыз жинап үлгеру үшін бригада демалыссыз күні-түні жұмысты жалғастыруда. Сатылмай қалған картоп қоймаға жиналады.
Олег Петушин, «Ақтоғай-Агро» ЖШС бас технологы
Ең алдымен жергілікті нарық қамтылады. Сосын Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне жібереміз. Былтыр баға 65 теңгеден басталды. Биыл әлі белгісіз. Сонда да жинап қою керек…В этом году ожидаем цену, но пока надо убрать все.
Картопты жинауды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, бірақ көп нәрсе ауа райы жағдайына байланысты болады.
Жанасыл Серікбол