Ақсу қаласы Ферроқорытпа зауытының балқыту цехында пештен шихта материалдары шыққан. Салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың біреуі қазір жан сақтау бөлімшесінде.

 «ҚАЗХРОМ ТҰК АҚ ФИЛИАЛЫ» - Ақсу Ферроқорытпа зауытында жұмыстар жүргізіп жатқан кезде, үш адам зардап шекті. Жарақат алған азаматтар Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілген. Олардың біреуі, жан сақтау бөлімінде, екіншісі стационарда, үшіншісі амбулаторлық ем қабылдауда. Ал, Павлодар облыстық Полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Самал Қалиқызы