Қыркүйек айының бесі күні Баянауылда ақын Рахат Қосбармақовтың жыр кеші өтеді. Онда қадірлі қонақ шығармашылық жолындағы ең мазмұнды өлеңдерін, сондай-ақ, Баянауыл жерінің әсем табиғатын, қасиетін жыр еткен шумақтарын оқиды.

Рахат Қосбармақов 1972 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қарапайым шаруа отбасында тәрбие көрген ол ерте жастан қаламға әуес болды. 1989-1994 жылдары Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған.

Бауыржан Жақып, ақын, филология ғылымдарының докторы

КазГу дың журналистика факульетінде оқып жүрген кезде Қарағанды университеті мен КАзГУдың арасында айтыс болған кезде соған қатысып, көзге түсті. Жыр мүшайраларында озып бәйге алып жүрді. Ол Алматыға багажбен келген. Көп жазған дүниелерімен келген.

Рахат Қосбармақов өлеңмен қатар жалынды журналистиканы да қатар алып жүрді. Жоғары оқу орынын аяқтаған соң елге оралып бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етті. Сол уақытта қызметтес болған аға ақын Темірхан Медетбек ақын шығармашылығына, болмысына былай баға берген еді.

Темірхан Медетбек, ақын, Қазақстанның халық жазушысы

Осы заманның осы заманға лайықты сондай бір керемет ақын. Маңғыстау бөлек әлем. Түрлі каньондар, таулар, керемет жерлері бар. Сондай жерде туып өскен. Оның тақырыбы қоғамдық өмір. Осы қоғамда адамдар қалай өмір сүріп жатыр. Қиын, қысталаң кездерін де жазумен келе жатыр.

Рахат Қосбармақов ел мен жерді, қоғамдық мәселерді көп жырлады. Қазақтың дархан даласының табиғаты қаламынын тыс қалған жоқ. Баянауыл туралы толғаулары да көпшішікке аян.

Жанасыл Серікбол