Павлодарда «Ертіс толқыны» жобасы қорытындыланды. Жабылу кешіне Екібастұз қаласының өнерпаздары қатысып, локацияларын ұсынды. Толығырақ тілші сюжетінде.
«Ертіс толқыны» жобасы биыл қолға алынды. Облыс тұрғындары мен қонақтарының мәдени-сауық, бос уақытын тиімді, пайдалы өткізу мақсатында ұйымдастырылды. Жаз бойы мына орталық жағалаудың төменгі жағында әр аудан, қалалар ашық алаңдарды ұсынып отырды.
Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы
Маусымның басынан бастап бастама еттік. Әр қала удан, аптаның үш күнінде өз бағдарламарын ұсынды. бір күнде өнерге арналса, екінші үшінші күндері спорт, нашақорлыққа қарсы тренингтер өтті. Шаралар өтті. Қала аудан жастары белсенді қатысты. Ерекше форматтағы шараларын өткізуге тырысты.
«Ертіс толқыны» жобасының қорытынды жабылу кешін ұйымдастыру Екібастұз қаласына бұйырды. Кеншілер шаһарының жастарымен 9 локация қойылды.
Рауан Жантелиев, Екібастұз қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы
Міне бүгнігі күні Екібастұз қаласымен Ертіс жағалауында өнерлерін көрсетуде. Бұл ЕКБ мюзик жаз бойы Екібастұз қаласында жобамыз болған. Соны әкеліп отырмыз. Экойындар әкеліп отырмыз. Бұл жерде армрестлинг жастарға арналған бағадрамамызды алып келіп отырмыз.
Екібастұздық айти-мамандар келушілерге мамандық таңдау бойынша жасанды интеллект негізінде тест жүргізді. Сәйкесінше ол арқылы жастар болашақ мамандығы бойынша ақпарат ала алды. Оны Екібастұзда мектеп платформасын жасаған оқушылар өткізді.
Даниял Нұрымжан, Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ оқушысы
Мен жасаған платформалардың бірі мектеп кард. 10 мектепте қазір интеграцияланған. Онда кейбір процестер автоматтандырылады. Яғни баланың мектепке кіріп шығуы, кітапханаға баруы, асханада төлеуі барлығы фиксацияланып, мемлекеттік органдармен байланыста.
Маусым айында «Ертіс толқыны» жобасының ашылу салтанатын Ертіс ауданы бастаған еді.
Мадина Кеңесова, Ертіс аудандық жастар орталығының басшысы
«Ертіс толқыны» жобасын біздің аудан бастады. Осындай көрмелер ұйымдастырылды, ән айтылды. Үш күн бойы қатысып, спорт шараларын өткізіп, өнерімізді көрсеттік. Әр апта біз сияқты аудандар келіп, осылай қала мен қонақтардың көңілін көтерді.
Биыл алғаш рет өткізіліп жатқандықтан бөліп –жармай барлық қала, аудандар марапатқа ие болды. Алдағы уақытта жоба жалғасын тапса, форматы өзгеретін болады дейді, ұйымдастырушылар.
Самал Қалиқызы