Қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірінің санитарлық қорғау аймағында үш жақтан ауа сапасын мониторингілеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесі экологтардың көңілінен шықты ма? Тілшіміз айтсын.

Павлодар облыстық экология департаменті өңірдегі кәсіпорындардың аумағында ауа сапасын мониторингілеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті аумақ – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның санитарлық қорғау аймағы болды. Оған экология департаментінің зертхана мамандары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, кәсіпорын мамандары қатысты. Бір уақытта үш жақтан ауаның сапасы тексерілді, осылайша нақты нәтиже шығарылды.

Зарина Мұрзалина, Павлодар облысы экология департаментінің бөлім басшысы

Біз ауаны ластайтын қоспалар концентратиясын тексереміз. Яғни қоршаған ортадағы шаң, улы газ, күкірт диоксиді құрамы, көлемі тексеріледі. Осындай шығуларға жиі барып тұрамыз. Жақсы нәтижелер байқалады. Ауаға шығатын шығарындылар көлемі азайып келеді, тазартқыш құралдары жақсы жұмыс істейді. Жұмыстың негізгі мақсаты ауаның тазалығын сақтап, табиғатты қорғау.

Осы жолы көшпелі тексеріс Қазақстан алюминийі зауытында ұйымдастырылып, санитарлық қорғау аймағында қолға алынды.

Өлшеулер барлық тараптардың құралдарымен қатар жүргізілді, бұл деректердің ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде концентрациялар нормадан аспағаны анықталды. Атмосфералық ауа көрсеткіштері рұқсат етілген деңгейлерге сәйкес келеді.

Зарина Мұрзалина, Павлодар облысы экология департаментінің бөлім басшысы

Нәтижесінде нормадан ауытқулар байқалмайды. Бізбен ауадағы күкірт диоксиді, азот оксидтері, шаң, сілтілер тексерілді. Яғни олардың көлемі. Күкірт диоксиді ауада көп мөлшерде болса органикаға, жануарларға, өсімдіктерге, адамдарға әсер етеді. Күйік шалуы мүмкін. Сондықтан оның ауадағы мөлшерін білу біздің негізгі қызмет.

Ауа сапасын мониторингілеу жұмыстары экология департаментімен жалғасады.

Самал Қалиқызы