Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Қазақстан халқы тілдері күніне орай ерекше әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды. Шарада тіл мен ел үшін тер төккен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сирек кездесетін, араб қарпімен жазылған кітаптары көпшілік назарына ұсынылды. Поэзиялық кештің мазмұны мен маңызы жайында тілшіміз тарқатады.

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл күн бұрын 22 қыркүйекте тойланып келсе, 2017 жылдан бері Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өзгертілді. Себебі, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – Тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлының өсиеті – ел болашағы үшін айқын бағдар.

Абзал Рымбек, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің әдебиет бөлімінің басшысы

Бүгінгі шарада ұлт ұстазы, алаш қайраткері, тіл жаңашыры Ахмет Байтұрсынұлы туралы біраз ақпараттар айтылды. Біраз кітаптар жазып тілге қатысты кітап жазған. Байтұрсыновтың 1909 жылы шыққан қырық мысал , маса кітаптары арнайы рестоврациядан өтіп қайтп қалпына келтірілген.

Әдеби-музыкалық кеште музей қызметкерлері – айтыскер ақын Мизан Жұмәлі, Сәуле Арынғазина мен Назымгүл Шапағаттың орындауында патриоттық рухтағы жырлар мен әндер шырқалды.

«Болашақтың бастауы – бүгінгі жас ұрпақ» деген ұранмен шараға 5512 әскери бөлімінің жас сарбаздары да атсалысты. Жас жауынгер Наршын Қайнар ұлт ұстазына арнауын оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 Іс-шараға өңірге белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері, әскери қызметкерлер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ұйымы, «Белсенді ұзақ өмір орталығының» өкілдері қатысты.

Дана Мұқанова, 5512 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді еңгізу жөніндегі аға көмекшісі

Осы шараға сарбаздарымыздың Ахмет өлеңдерін жаттап бүгін қатысып жатыр. Ұлттың сақталуына да сақталуына да себепкер болатын ең қуаттысы тіл деп айтқан Ахмет Байтұрсынұлы.

Әдеби-музыкалық кеш – тек өнер мен руханияттың ғана емес, ұлттық намыстың алауы. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» десек, бұл шара сол тағдыр үшін күрескен ұлы тұлғаларға тағзым еді.

Дильназ Қуанышбекқызы