Жылдың басынан бері облыста жеке шаруашылықтар мен ауылшаруашылық алқаптарында 22 рет шөп өртенген. 40 мың шаршы метрден астам аумақты жалын шарпыған. Осы оқиғалардың салдарынан жалпы құны 13 миллион теңгені құрайтын 133 тонна дайындалған шөп жанып кеткен.

Мұндай оқиғалардың негізгі себебі адами фактор. Ең жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау, ақаулы жабдықты пайдалану, жабдықтың қызуынан от тұтану, жанар-жағармай материалдарын дұрыс сақтамау сияқты немқұрайлылықтар кіреді. Көбінесе өрт түтіктерден бөлінетін ұшқындардан, от жағудан, құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағудан шығады. Электр қауіпсіздігін бұзу, отқа жапасыз қарау да үлкен қауіп төндіреді.

Берік Омаров, төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы

Біздің облыста әр ауданда мобильді топтар құрылған. Олардың қатарында азаматтық қорғаныс органдары, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Олар егістіктер мен ормандарға тұрақты түрде рейдтер жүргізеді. Тәртіп бұзушылар анықталса, кінәлілер жауапқа тартылады. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 800 мың теңгені құрайтын айыппұл бойынша 260-тан астам іс тіркелді.

Тек, биылғы жылдың басынан бері облыста жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық алқаптарында шөп өртенуінің 22 оқиғасы тіркелді. Соңғы оқиғалардың бірі Май ауданында болды: Онда 130 шаршы метр аумақты өрт шалып, қора мен ағаш сарайдың шатырына жайылған. Өрт сөндірушілер атап өткендей, облыстың барлық аудандарында қырағылықты күшейту қажет.

Берік Омаров, төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы

Қазір облыстың барлығында дерлік егін жинау науқаны жүріп жатыр. Комбайндардың басым бөлігі Ертіс, Шарбақты, Железин және Успен аудандарында жұмыс істеп жатыр. Шикі мал азығын жинауда Аққулы, Баянауыл және Май аудандары көш бастап тұр.

Ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет. Маусым басталар алдында барлық техника техникалық байқаудан өтуі керек. Шөп жинаудың да қауіпсіздік ережелері бар. Шөмелелер арасындағы қашықтық кемінде 20 метр болуы керек. Пішенді шатырға, электр желілерінің астына, көлік жолдарының жанында сақтауға тыйым салынады.

Жанасыл Серікбол