Биыл ҚР мәдениет қайраткері, Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалы драма теартының әртісі Талжібек Атамбек мерейлі 60 жасқа толды. Аталған салтанатқа орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Театр-тағдыр тұмарым» атты кездесу кеші өтті.

Талжібек Атамбек өз өмірін театр өнеріне арнаған мәдениет қайраткері. Өз ісінің майталманы Темірбек Жүргенов атындағы театр және өнер институтын 1986 жылы тәмәмдаған.

ТАЛЖІБЕК АТАМБЕК, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАРТЫНЫҢ ӘРТІСІ

Бүгін міне осы Бұхар жырау музейінің қызметкерлеріне үлкен рақмет айтқым келеді. үйткені менің ғана емес әр тұлғалардың әр өнер адамдары болсын өздерінің еңбегі сіңген адамдары болсын осы бұхар жырауда тарихи дүние болып сақталып қалады. сондықтан бұл кісілер жиі шақырады. көрерменмен табыстырады және көрерменің қошаметін терең сездіреді бүгін үлкен бір кездесу өткізіп жатыр.

Кеш барысында ҚР мәдениет қайраткері, Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалық драма теартының әртістері мерейтой иесін құттықтап, ақжарма тілек білдірді. Әріптестері туған күн иесіне әсем әндерді тарту етті.

ШӘНІМ БЕЙБІТ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Әріптесім менің, сонау студенттік кезден бірге жүрген қыз бірге жүргенде бізден 3 курстай жоғары оқыды. бірақ жасы кіші бошлғанымен қыздың жолы жінішке дегендей олар оқу бірітгеннен кейін оқуға түсіп алматыдағы мемлекеттік көркем өнер институтында актер музыкалық комедия деген бөлім бар ол 1979 жылы Каукен Кенжетаев дейтін ағамыз ашқан театр институтының жанынан.

Мерейтой иесі меймандардың назарына сүйікті әндерінің бірі «Қазақ вальсін» шырқады. Өнерге деген құлшынысы Талдықорған театрынан басталған дейді ол. Оның Алғаш сомдаған рөлі Қыз Жібек пьессасы.

ТАЛЖІБЕК АТАМБЕК, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫ ДРАМА ТЕАРТЫНЫҢ ӘРТІСІ

Әрине оның бір ерекшелігі бар. Сахнаның өзінің бір ерекшелігі бар, көрерменің көңілінен шығу үшін. Көрерменнің есінде қалу үшін. Сол көрермендер үшін бір жағынан өзімізді сақтап қалуға тырысамыз. Бір жағынан спорт. Көп қозғалыс. Дұрыс көңіл күйде жүру деп ойлаймын.

Талжібек Атамбек 2005 жылы «ҚР мәдениет қайраткері» белгісімен, 2014 жылы ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасымен, ал 2021 жылы «Ерең еңбегі» төсбелгісімен марапатталған.

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ЮРИ БЕЛЕВСКИЙ ЕА