«Ертіс орманы» резерваты аумағында 48 тоннадан астам қарағай бүршіктері жиналды. Алдағы уақытта олар өңделіп, алынған тұқымдардан жаңа ағаштар өсірілмек. Осылайша табиғи резерваттың орман қоры ұлғаяды.

Павлодар облысы басты көрікті жерлерінің бірі ретінде 162 мың гектар аумақты қамтитын Шалдай орманымен мақтанады. Осындай байлықты жоғалтпау үшін қазірден қам жасау керек. Осы жолда орман қорын толықтыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл болашақ қарағайларға арналған тұқымдар алынатын бүршіктер жинағы. Ең алдымен, барлық бүршіктер 60 градустан жоғары температурада кептіріледі.

АСХАТ САДЫҚОВ, «ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БҮРШІК КЕПТІРУШІ МАСТЕРІ

Өткен жылы 104 тонна бүршік қабылдадық. Олар өңделді. Олардың әр килограмы бір килограм тұқым берді. Өткен жылы 32 тонна ғана болды. Биыл осы күнге дейін 48 тонна қабылдадық. Дегенмен өнімділік аздау болып тұр.

Бүршіктер аршылғаннан кейін қолмен атқарылатын жұмыс процесі басталады. Қызметкерлер бүршікті бірнеше кезеңде електен өткізіп, тұқым алады. Содан кейін тағы да ормандарды қалпына келтіру үшін пайдаланылатын дайын материал болғанға дейін бірнеше кезең бойы тазартылады.

АСХАТ САДЫҚОВ, «ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БҮРШІК КЕПТІРУШІ МАСТЕРІ

Алынған тұқымдар арнайы техникамен себіледі. Тұқымды арнайы алаңқайларға орманшылар егеді. Машинаның көмегімен. Одан көшеттер өсіп шығады. Сол көшеттер орман қорын ұлғайтады.

Бүршіктерді жинаудың ең қолайлы уақыты - қарашадан ақпанға дейін. Ол кезде әлі тұқым шашып үлгермейді. Неғұрлым ерте басталса, соғұрлым жақсы. Ал, аязды ауа-райы бүршік жинауға ең қолайлы мерзім.