Ертіс ауданында дүниежүзілік сайлау күніне арналған пікірсайыс турнирі өтті. Сайысқа 17 команда қатысып, түрлі тақырыптың қыр-сырын ашуға тырысты. Толығырақ – келесі сюжетте.

Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Осыған орай, Ертіс ауданында пікірталас сайысы өтті. Оған түрлі мектеп шәкірттері қатысты. Сайыс оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін оятуға негізделген. Балалар елдегі өзекті мәселелер жайында ойларын айқын жеткізіп, өзара сайысқа түсті. Дебат турнирінде 17 команда бақ сынасты. Пікірталас қызу да тартысты өтті. Үздік атанған топтар мен қатысушылар марапаттарға ие болды.