Газ балонынан төнген қауіп мол. Қауіпсіздік қағидаттары сақталмаған жағдайда қайғылы жағдайлар да орын алуы бек мүмкін. Тұрмыстық жағдайда газ баллонды қалай дұрыс қолдану қажет? Келесі сюжеттен көріңіздер.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында облыс аумағында газ баллонын пайдалану салдарынан 16 өрт оқиғасы орын алған. Олардың түгел дерлік тұрғын үй секторында тіркелді. Қызыл жалын бір адамның өмірін жалмаған. Ал 5 адам түрлі ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Газ бТұрмыстық газ баллондарды қолдануға қатысты қарапайым қағидаттар бар. Мамандар тарқатып берді.

Өткен жылдың тамыз айында ТЖ департаменті мен полиция департаменті бірлесіп «Газбаллон» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде тиісті рұқсатсыз жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 103 мың 500 теңге көлемінде айыппұл арқалаған.

Жыл сайын газ баллонының жарылуы оқиғалары жиілеп келеді. Елімізде өткен жылдың өзінде 120 астам газ баллоны жарылып, 20 астам адам көз жұмған. Осы ретте төтеншеліктер қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауды сұрайды.

Ақмаржан Қалымбек