Соңғы уақытта қоғамда вейп, электронды темекі мәселесі жиі көтеріліп жүр. Ал жасөспірімдердің бұған құмартуының сыры неде? Мұның соңы қандай сырқатқа әкеліп соғуы мүмкін? Бұған қатысты қандай Заң қабылданды? Қымбат Садықтың бейнематериалына зер салайық.
«Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» дейміз. Алайда жылдар жылжыған сайын жас ұрпақтың денсаулығына зиян тигізетін түрлі заттардың қатары көбейіп барады. Соның бірі – электронды шылым. Көшеде қолындағы құрылғысын құшырлана тартып, бу үрлеп жүргендерді көрген боларсыз. Бұны жастар тілінде «вейп» деп айтады. «Вейпинг» ағылшынның «vapе» - «буды жұту және шығару» сөзінен шыққан. Олардың құрамында не бар екенін ешкім біле бермейді. «Ешқандай залалы жоқ, тек түтін шығарады» деген шындыққа жанаспайды. Бірақ сол түтіннің ішінде көптеген зиянды қоспалар бар. Бұл туралы дәрігер маманы толығырақ тоқталып өтті.
МАҚПАЛ ИСАБАЕВА, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ ДӘРІГЕРІ
Электронды сигаретаның ішінде никотин, әртүрлі аэрозолды аромотизаторлар бар. Олар ең қауіптісі. Никотин жай темекімен салыстырғанда сол қалпы қауіпті. Аэрозолдан түсетін ароматизаторлардың қауіпі екі есе көп. Бұл жерде жасөспірімдерге жеткізу өте қиын. Себебі, электрондық сигаретаның түтіні жоқ, түсетін заттары жоқ деп айтылады. Негізгі түбінде ол тереңңен бірден өкпеге барады. Сол себептен өкпеде обыр ауруы, язвалық асқазан жарақаттары мен ауыз обыры, тамақ обыры шығуы мүмкін
Сонымен қатар, бүгінде шылымның бұл түрі еліміздің әр қаласында еркін саудаланады. Тіпті, кейбір вейпшо дүкендері ойын-сауық орындарының кіреберісінде орналасқан. Осылайша жас буынның ермегіне айналған ол елітер иісімен, жағымды шекер дәмімен баурап, уақыт өте келе тәуелділікке ұрындырады.
МАҚПАЛ ИСАБАЕВА, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ ДӘРІГЕРІ
Бұл жасөспірімдер арасында болмаған ауруларды әкеліп жатыр. Кезінде үлкен адамдар ауыратын қан қысымы, обыр ауруларымен, әртүрлі дене бөртпе. Олардың бәрі аллергиялық кезең электрондық темекіден. Бұл электрондық темекіні толығымен жауып тастаса, керемет болар еді деп ойлаймын. Себебі, мұндай аурулар шеттеледі
Вейптің белең алуына тосқауыл қою мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Заң жобасын мақұлдады. Тыйым салуға барлық негіз бар. Ал бұл жаңалықты ел ертеңін ойлайтын жастарға да айтып көрдік. Олардың көзқарасы мен пікірі қандай екен? Тыңдап көрелік.
Бозбала мен бойжеткендерді осындай маркетингтің «құрығынан» ада ету ата-ана мен мектептегі мұғалімдерге артылатын жүк. Сол нәрселерді уақытылы байқап, кеселдің алдын алу басты міндет! Ұлттың болашағы көк түтінге тұншықпасын десек, ұл-қыздарымызды электронды темекіден аулақ ұстайық!
Қымбат Садық