Павлодарлық жас мамандар жеңілдетілген несие арқылы баспана ала алады. Бағдарламаға қалай қатысуға болады? Қатысушыларға қандай талап қойылады? Алдағы материалымызда.

 «Ертіс жастары» жас мамандарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы 5 ақпан бастау алды. Осы уақыт ішінде несие алуға 108 азамат өтініш берген. Олардың арасынан жеңімпаздар тізімі балдық жүйе бойынша есептеліп, анықталады.

КЕНЖЕГҮЛ ЖОЛЖАҚСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 «Балдарды есептеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: қызмет саласындағы жұмыс өтілінің әр толық жылы үшін – 2 балл, әр бала үшін – 2 балл, бірлесіп тіркелген некенің әрбір 1 жылы үшін – 1 балл. Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік салалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және мемлекет 100 пайыз қатысатын жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады»

Қатысушыларға бірнеше талап қойылады. Олар – Қазақстан Республикасының азаматы болуы, қалада кем дегенде соңғы екі жыл тұрақты үзіліссіз тұруы және табыс отбасының әр мүшесіне күнкөріс деңгейінен 260 442 теңгеден аспауы тиіс.

КЕНЖЕГҮЛ ЖОЛЖАҚСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 «Бағдарламаға қатысу үшін жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама, ҚР еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар, азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет. Қатысушының және отбасы мүшелерінің жылжымайтын мүліктің жоқ екені туралы анықтама керек»

 «Ертіс жастары» бағдарламасына 690 млн теңге қаражат бөлінген. Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге. Оған бастапқы пайдалануға берілген және екінші нарықтағы тұрғын үйді алуға болады. Ал несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылына 5 пайыз.

АРМАН НҰРҒАЛАМОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ-НЫҢ БИЗНЕС ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

«Алғашқы жарна – 10 пайыз үйдің бағасынан.» 03.35+++ 03.50 «банкта төлеу қабілетін өтіп, сол алғашқы жарна 1 800 000 сол счетқа салу керек. үйдің бағасы, мысалы, 15 млн болса, ол 1 500 000. Қазір 18 млн-нан әр адам алса, онда 40 шақты адам осы бағдарлама бойынша үй ала алады. Келешекте, келесі жылдары көбірек қаражат бөлінсе, әрине, біз көбірек несие бере аламыз»

Өтініштерді қабылдау Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығында 9 ақпанға дейін жүргізіледі.

Жұлдыз Қабылденова