Павлодарда «Көктем -2024» атты оқу жаттығу жиыны өтті. Оған барлық күш құрылымдарынан 72 адам, 18 техника қатысты. Мақсат көктемгі су тасқына дайындалу. Оқу жаттығу жиыны Мичурин ауылында өткізілді.

Оқу жаттығу жиыны екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде күштік құрылымадрдың төтенше жағдайға дайындығы тексерілді. Екінші кезеңде су тасқынының алдын алу бойынша шаралар жасалды.

Оқу жаттығу кезінде 40-тан астам практикалық тәжірбие жасалынды. Елді-мекендерді су тасқанынан қорғау үшін қар шығарылып, арықтар тазаланды. Сондай-ақ, боранды адасып кеткен адамды іздеу сияқты жұмыстар да жүргізілді.

Оқу жаттығу аясында жоғалып кеткен адамды іздейміз. Бізге берілген кординат бойынша адамды ұшақпен жоғарыдан іздеу жүргіземіз. Біздегі жанармай 3 сағат әуеден қалықтап жүруге жетеді. Әсіресе қыстың күні боранда адасып кеткен адамды іздеуде тікұшақтың көмегі зор.

Жаттығуға барлық күш құрылымдары қатысты. Олардан 72 адам мен 18 техника және 5 су сорғызу құралы жұмылдырылды.