Саятшылық, яғни құс салып аң аулау өнері қазақ өміріндегі сирек кездесетін қызықты салт. Павлодар облысы, Ақсу қаласында құсбегілікті серік еткен әулет тұрады. Атадан балаға мұра болып келе жатқан өнер қазір де жалғасын тауып қызына дарып отыр.

Бекболат Сексенбайұлын Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығына құсбегілікпен танылған. Оның бүркіт баптап жүргеніне 10 жылдан асыпты. Кейіпкеріміз жиған тәжірибесін, білген-түйгенін жастарға үйретуден танбайды.

Бұл – бүркіттің аты Сонар. Республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Қасқырға түсе алатын санаулы құстың бірі. Мұндай қыранды қолға үйрету үшін де ептілік, табандылық керек.

БЕКБОЛАТ ЫСҚАҚ, ҚҰСБЕГІ

Бұл үлкен жұмыс қой құс бегілік деген. Бұған уақыт көп кетеді. Әркімнің қолынан келе бермейді бұл құсбегілік. Қызығып кейбіреулері ұстаймыз дейді де, сосын тастайды қиындығына шыдай алмай.

Отағасы үш бала тәрбиелеп отыр. Оларды да бүркіт баптап, аңға салуға үйретеді. Екі ұлы саятшы. 5 сыныпта оқитын кенжесі Зайнап та әкесінің жолын жалғап, сайыстарға қатысып жүр.

ЗАЙНАП ЫСҚАҚОВА, ҚЫЗЫ

Мен дүниеге шыр етіп келгенде осы ортада тәрбиеленіп келемін. сондықтан бұл тақырып маған өте жақын болды. бүркіт ол біздің қазақ ұлтымыздың дәстүріміз. оны жалғастыру міздің міндетіміз –ол өте қызық ол басқа да көптеген әйел бүркітшілер бар мен осылар сияқты болғым келеді.

Бекболат бүркіттен бөлек, қазақтың жеті қазынасы саналатын жүйрік ат пен құмай тазы баптайды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған жанға аймақта еліктейтін азаматтар аз емес.

ГҮЛМИРА ЕСЕНОВА, ЗАЙНАП ЫСҚАҚОВАНЫҢ ҰСТАЗЫ

Әр қарай халықаралық денгейде көрсеткім келеді дейді. Онымен бірге осы құсбегілікке мені де қызықтыра бастады. Келесі бір уақытым болғанда. Жазғы уақытта мен де олармен барғым қатысқым келеді. Бір кішкнтай сұңқарын берген осыны ақырын баптап үйренемін.

Ертіс-Баян өңірінде құсбегілік жылдан жылға қанатын кеңге жайып келеді. Соған сәйкес туризмнің де әлеуеті артқан. Оған үлес қосушылардың алдыңғы қатарында кейіпкеріміздің тұрғаны анық.

Байтұрсын Жұмабай