Баян аспабын меңгерген жерлесіміз зхалықаралық конкурстан жеңімпаз атанды. Музыкалық байқауда оза шапқан оның жеңісі туралы толығырақ алдағы материалда.

Домбыра – халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрлі аспабы болса, баян – қазақ сазының қалыптасу жолында өзіндік орны дара аспап екені даусыз. Мәселен, заманауи қазақтың ұлт аспаптар оркестрін баянсыз елестете алмайсыз. Міне, сол диапазоны кең, тембрге бай, көп дыбысты баян аспабын жете меңгерген Анель Шевчук 8 жасынан бастап музыкамен айналысады. Ол бұл аспапты таңдаймын деп мүлде ойламаған.

  АНЕЛЬ ШЕВЧУК, «МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІ – ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ ИНТЕРНАТТЫҢ» ОҚЫТУШЫСЫ

Бұл аспапты таңдауымның өзі қызық оқиға. Негізі мен пианинода ойнағым келген, бірде ата-анаммен музыка мектебіне барып, фортепиано туралы білгіміз келді. Кеңсеге кіргенде шатасып аккордеон бөлмесіне кіріп кетіппіз. Онда Егорова Жанна Борисовна есімді әйел отырды, содан ол мені көндірді. Кейін маған ұнады, мен қалдым. Міне, баян аспабымен айналысқаныма 15 жыл болды

Осы жылдар ішінде Әнел музыкалық колледж студентінен ұстаздыққа дейін шығармашылық жолдан өтті. Баяншы 30-дан астам республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Жақында халықаралық конкурстан жеңіспен оралды.

  АНЕЛЬ ШЕВЧУК, «МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІ – ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ ИНТЕРНАТТЫҢ» ОҚЫТУШЫСЫ

Бұл Омбы қаласында өткен XV халықаралық «Алтын Сібір» байқауы. Мен «Халық аспаптары» номинациясына қатыстым . Қазақстан атынан бірінші орын алған жалғыз адаммын әрине, байқау өте қызықты болды, қобалжу болды, өйткені мен ұстазбын ғой, шәкірттеріме үлгі болғым келеді

Ол байқауда қазақ композиторларының туындыларын орындаған. Жалпы, музыкалық мансабында әртүрлі жанрлар мен стильдегі көптеген шығармалар бар. Сонымен қатар, Әнел Шевчук Алтай мәдениет институтында магистратурада оқуын жалғастыруда. Сондай-ақ, баяншы қазақ және орыс халық аспаптарында ұстаздық қызмет атқарады.

Қымбат Садық