Өңіріміз оккологиялық сырқаттар бойынша еліміз бойынша көщ басында екендігі жиі айтылады. Ал, оның алдын-алу шаралары қалай атқарылып жатыр? Тұрғындар нені білуі керек? Тілшіміз зерделеп көрді.

Онкологиялық дерт адамдың кез келген дене мүшесінде болуы мүмкін. Оның жіктелуі ісіктің орналасуы және түрлі факторларға байланысты болады. Жалпы, бұл аурудың 100-ден астам түрі бар. Дегенмен, кейбір түрі өзгелеріне қарағанда жиі кездеседі.

Бүгінгі тиаңда облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні айына бір рет өтіп тұрады.

ӘСЕЛ АСҚАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

Қазіргі таңда онкологиялық диспансер есепінде 13 292 науқас бар. Сырқаттану бойынша біз 2023 жылы СҚО, ШҚО, Қостанай облыстарынан кейін төртінші орындамыз. Көрсеткіш 326.9-ға жетті. Ал өлім-жітім бойынша Абай және ШҚО-дан кейінгі 3-орындамыз.» «Сырқаттар бойынша бірінші орында – колоректальді обыр, екінші орында – сүт безі обыры, үшінші орында – өкпе ісігі, төртінші орында – асқазан обыры және бесінші орында – жатыр мойны обыры

Қатерлі дерттердің алдын алу – адам өмірі үшін маңызды міндет. Оның алдын алу үшін обырдың неден пайда болатынын түсіну қажет.

Қатерлі ісіктің белгілері көбіне оның сатысына, сондай-ақ дененің қай жерінде орналасқанына байланысты. Десе де, әлсіздік, тез шаршау, салмақ жоғалту сияқты құбылыстар онкологиялық аурудың алғашқы белгілері болуы мүмкін.

Дегенмен, қатерлі ісік бастапқы сатыларда еш белгі бермеуі де мүмкін. Ол сатыдарды өткізіп алған жағдайда, дерттен айығып кету қиынға соғады.

Осы себепті, скрингтік бағдарламалардан уақытылы өтіп тұрған абзал. Ол денсаулықты сақтап, қатерлі ісіктің алдын алу үшін көп көмек тигізеді.

Жұлдыз Қабылденова