Иса Байзақов атындағы олыстық филармонияның джаз оркестері жеке концертін өткізді. Онда әлемге танымал шығармалар орындалды.

Музыканы, оның ішінде джаз жанрын ұнататындарға арналған «Festival de ritmo» концерті жоғары деңгейде өтті. Павлодар джаз оркестрінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі, аты аңызға айналған дирижер Виктор Шейкиннің сүйемелдеуімен өткен кеш көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шараға арнайы Астанадан шақырылған дирижердің шәкірттері, саксофоншылар Евгений Ботников пен Шыңғыс Жанділдин кеш ажасырн аса түсті. Сондай-ақ, облыстық филармонияның солистері де италияндық әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті.

Ерекше өнерімен көзге түскен Ерсұлтан Кеңесхан халықтың ыстық ықыласына бөленді. Оның айтуынша, концертке қатысуға дирижердің өзі ұсыныс білдірген. 11 жасар талантты әнші түрлі республикалық, облыстық байқаулар топ жарып келеді.

Джаз жанры үнемі күш-қуат сыйлап, жағымды эмоциялармен қуаттандырады. Кешке жиналған көрермендер барлық қатысушыларды ризашылықпен қарсы алып, қошемет білдірді.

Қымбат Садық, Жұлдыз Қабылденова