Павлодарлық боксшы қыз Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Спортшымыздың жетістіктері туралы толығырақ келесі сюжетте.

Жасөспірімдер мен оқушылар арасындағы бокстан өткен Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Абу-Даби қаласында өтті. Халықаралық біріншілікке 26 елден, 460-тан аса қатысушы келді.

ДӘУІР ЕРҒАБЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Павлодарскую область представляла....Павлодар облысының атынан спортшы София Ващенко қатысты. Ол үш кезеңнен өтіп, күміс медаль жеңіп алды. Оның жаттықтырған спортшы Қырықбаев Марат. Біздің өңір үшін бұл жақсы нәтиже. Құттықтаймын. Биік белестерді бағындыра беріңіздер.

Боксшы қыз алғашқы рет рингке Қытай өкілімен шықты. Жеңіске жеткеннен кейін София Тәжікстаннан келген боксшы қызбен кездесті. Ал, үшінші кезеңде Өзбекстан өкілінен ұтылып қалды.

СОФИЯ ВАЩЕНКО, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Біз күткен нәтижеге қол жеткізген жоқпыз, бірақ жалпы турнир мен үшін жақсы өтті. Турнир алдында жағымды эмоциялар басымырақ болды. Көңіл-күйім де жақсы болды. Менде салмақ мәселесі болған жоқ. Негізі мен психологиялық және физикалық тұрғыдан дайын болдым.

Айта кетейік, София басқа халықаралық турнирлерге де дайындықтарын бастады.

МАРАТ ҚЫРЫҚБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Бізде қараша айында Қазақстан чемпионатына және әлем чемпионатына іріктеу кезеңі өтеді. Ал келесі жылы әлем чемпионаты өту жоспарланып отыр.

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша еліміздің спортшылары жалпы командалық есепте жеңіске жетті. Турнирден 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА ЕРМЕК САПАРОВ ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ ЕА