Бүгін облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысумен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Онда іске асырылып жатқан жобалар қаралды. Сондай-ақ өңірімізге инвестор тарту, жүзеге асырылып жатқан бастамаларды орындалу барысы айтылды.

Павлодар өндірісті өлке. Аймаққа инвестиция тартып, оны орындау өңір экономикасының әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Сол жобалардың қатарында іске қосылатын ұста кешенінің құрылысы. Нысан Екібастұз қаласында орналасқан. Жоспарға сай 2026 жылы кәсіпорын кешігіп ашылады. Бұған себеп шет елден жеткізілетін құрал жабдықтардың кешігіп жеткізілуе.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Премьер-Министр келгенде біз оны талқыладық. Сонымен қатар, бұл мәселенің мерзімі 2024 жылдың аяғында аяқталады деп жоспарланған еді. Енді біз бұл межені 2026 жылдың соңына ауыстыру туралы айтып отырмыз. Бұл не себепті? Неге байланысты?

РОМАН ПАВЛИНГЕР, " RAILWAYSSYSTEMSKZ " ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

Неміс кеден ұйымында жөнелту туралы мәселе болды. Біздің елімізде келісу процессі қзақ жүргізіледі. Тағы бір екінші мәселе-жабдықты Еуропадан Қазақстанға тасымалдау. Қазір Иран, Әзірбайжан, Грузия арқылы өтіп жатыр. Логистика өзін қиындатады. Орташа алғанда, жабдықты жеткізу 3-6 айға созылады. Бүгінгі таңда жабдықтың бір бөлігі келді. Орнату басталды. Біз бар күшімізбен жеделдетуге тырысамыз. Барлығы жұмыс тәртібімен жүреді. 2027 жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Қазір цех ғимараты 85% дайын. Тек құрал сайман жеткізу ғана қалды. Бұл мәселеге жауапты тұлғаларға облыс әкімі тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұған қоса, өңірлік отырыста жаңа жобаларды іске асыру бағыттары ұсынылды. Оның қатарында қағаз және картон бұйымдарын жасайтын серіктестікте бар. Жоба құны 8 млрд теңге. Бұл арқылы 120 жұмыс орны ашылады.

ГҮЛНАР ҚАЙДАРОВА, «QAZROYLPAK» ЖШС ДИРЕКТОРЫ.

Қазаз, картон жаблықтары 29 пайызы Қазақстанда қайта өңделеді. Бұл жобаның экологиялық маңызы бар. Жылына 80 мың тонна. Қағаз пакеттер, қораптар шығаруды көздеп отырмыз.

Өңір басшысы кәсіпкерлік және инновациялық – индустриялық даму басқармасына жобаны "Павлодар" АЭА қатысушысы ретінде енгізу мәселесін қарауды тапсырды.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЕА