Павлодарда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан республикалық сайыс өтті. Жыл сайын өтіп келе жатқан сайыс бұл жолы да өзінің ерекшелгімен есте қалды. Сайыстың бас жүлдесіне автокөлік тігілді.

Сайысқа әр облыс пен үш қаладан жеңімпаз танылған үздіктер қатысты. Қаншама жылдан бері өтіп келе жатқан жарыс жаңа қарилар тобының қалыптасуына ықпал етуде. Бұл жарыс демеушілердің қолдауымен өтіп, бүгінде дін жолындағы жастардың асыға күтетін дәстүріне айналды.

Сайыс төрт номинация бойынша өтті. Мәнерлеп оқу, 10 пара, 20 пара және 30 пара кезеңдері. Қатысушылардың баршасы біліктерін ортаға салды.

Қатысушылардың бірі Дияр Есім жас болса да талаптанып келіп отыр. Ол бұл сайыстың 10 пара кезеңіне қатысуда.

Жыл сайын өтетіндіктен жарысқа қатысушыларға аталап та күшті. Бәсеке де артқан.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблазимов, зиялы қауым өкілдері қатысты. 30 параны үздік мәнерде жатқа оқыған алматылық Әбілқайыр Жұбан бас жүлдеге иелік етіп, темір тұлпарды тақымдап қайтты.