Павлодарда жас балуандар әйгілі батыр, қолбасшы Олжабай батырды еске алуға арналған сайыста бақ сынады. Білектілер бәсекесіне Павлодар қаласынан 12 команда қатысты.
Олжабай батырдың дүниеге келгеніне биыл 315 жыл. Осыған орай өткен сайыста балуандар 7 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Әрқайсысы өздері білім алатын алтын ұяның намысын қорғауға келген білектілер. Олар жастайынын спортты серік етіп, Олжабайдай батырдың жолын қусам деген балуандар.
Қазақ күресі ептілік пен жылдамдық, ерік пен жігерге құрылады. Әр сәтті мүлт жібермей қарсыластың осал тұсын табу жеңіске бастар жол.
АСЫЛХАН ДАНИЯР, ҚАТЫСУШЫ
Спортты бала жасымнан серік еттім. Кез-келген түрін ұнатамын. Баскетбол, волейбол да ойнаймын. Соның ішінде күрес жаныма жақын. Қазақша күрестен әзірге үлкен жетістігім жоқ. Алдағы уақытта биікке жетем деп ойлаймын.
Жарыстың мектеп оқушылары арасында өтуі тегін емес. Өтйкені, болашақ күрес өнерінің, жалпы, спорт жұлдыздары кім болатыны осы кезден-ақ анық бола бастайды.
Батырлық рухты насихаттау бұл жарысьың негізгі мақсаты дейді ұйымдастырушылар.
Жанасыл Серікбол