Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өңір халқымен кездесті. Іс шараға келген қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Тілші әңгімесінде.

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі Светлана Жақыпова, облыс тұрғындарымен кездесті. Жүздесуге аудан мен қалалардың әлеуметтік сала мамандары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым өкілдері, мүгедектігі бар жандар келді. Жиын басында Министр Президенттің әлеуметтік-еңбек саласында тапсырған міндеттерінің орындалу барысын айтты.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Жергілікті билік органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бізде атап өткендей басты құндылығы адам. Әлеуметтік қолдау жүйесіндегі ... біздің басты мақсатымыз. Ол нақты ... болуы керек. Осыған байланысты бірқатар шаралар іске асырылуда.

Өңірімізде 215 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушылар тұрады. Былтыр бұл жандарға 200 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Қазір зейнетақының жиынтық орташа 153 мың теңгені құрап отыр. Мемлекеттік бағдарламалар кезең кезеңімен орындалады деді министр. Екі күндік жұмыс сапарын қорытындылай келе елордалық мейман облыс әкімдігімен пилоттық жоба іс асатынын жеткізді.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Әр өңірде жетістіктері бар. Бағана мен атап өттім Павлодар негізі ерекше. Қарасақ, жұмыс берушілердің саны да жұмыс жұмыскерлердің саны да сәйкес келіп отыр. Бірақ Бір кемшілік болып отырғаны бұл жасөспірімдер келмей, жұмыс істемеу. Ол жағдайды біз ескере отырып, әкімшілікпен біз бір шешімге келдік. Пилоттық жоба атқарамыз. Бұл пилоттық жоба арқылы осы жас мамандарды аумаққа шақыру, жұмыс беру

Кездесу соңында Светлана Жақыпова өңір тұрғындары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Бұдан бөлек журналистерге арналған брифинг өтті. Онда еңбек министр апта басында «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысы тоқтағанына байланысты жауап берді. Кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысына шыққан. Бұл мәселе министрдің бақылауында.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Еңбек кодексіне сәйкес 112 бабына жұмыс беруші жұмыс беруші міндеттемелерін алып отыр. 50 пайыз еңбек ақысын төлеп отырады. 1 сәуірге дейін осы жағдай сақталады. 1 сәуірден кейін негізгі шаралар қолданады. Қазір жұмыс берушімен жұмыстар жүргізілді. Бір айда 195 млн теңге қарастырылып отыр. Төлемдерге жаңа айтқын. 50 пайыз сақтанады. Төлемдер төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, фабрикада алтын рудасы таусылған. Ал алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ. Себебі, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған болатын.

Әйгерім Тоқпанқызы