Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу қарсаңында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласының әкімдігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер арасында өрт болған жағдайда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Аталған эвакуациялау оқу-жаттығуларының Кривенко 25 мекенжайында өткізілуі бекер емес, себебі мұнда жеті жүзге жуық адам еңбек етеді. Оқыс оқиға орын алған жағдайда олар қауіпсіздік шараларын білгені абзал.
ЕРЛАН ҚАСЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.
Қаламыздағы мемлекеттік органдардың ең көп саны осы ғимаратта орналасқан. Сауда және ойын-сауық орталықтарын қоспағанда бір мезетте көп адам келетін бірде-бір ғимарат жоқ –Мұнда біз өрт кезіндегі элементтерді, эвакуация элементтерін пысықтадық. Сондай-ақ, өрт орын алған жағдайда әрекет ету тәртібін әзірледік.
Өткен жылы облыста 496 өрт оқиғасы тіркелген. Шығын көлемі 318 миллион теңге. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметкерлері өзін-өзі ұстау ережелері мен өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану туралы айтып, нұсқаулықтар жүргізді.
Мемлекеттік мекемелер төтенше жағдайлар қызметкерлері өткізетін оқу-жаттығуларға қатысудан бөлек, өрт орын алған жағдайдағы әрекеттер мен құралдарды өз бетінше пайдалану туралы нұсқаулықтармен жоспарлы түрде таныса алады.
Мұндай іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әртүрлі төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету үшін маңызды болып табылады.
Қымбат Садық, Валентина Леонова