Облыс тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелерді «ertis tv» web-платформасы арқылы жолдай алатынын естеріңізге саламыз. Экранда көрсетілетін QR-кодты сканерлеу арқылы арна редакциясына хат жібере аласыздар.

Желтоқсан айында арнамызда жаңа жоба іске қосылған. Экранның төменгі оң жақ бұрышында кьюар-код көрсетіледі. Оны телефон камерасы арқылы сканерлеп, веб-платформаға өте аласыздар. Осылайша, ERTIS арнасына хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Арна редакциясы сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды қарастырып, түйткілді мәселелеріңіздің шешімін табуға тырысады. Аймақтың басты арнасымен бірге болыңыздар!