Ауа райының құбылуына байланысты ауылдағы шаруалардың жылқылары табында тебіндей алмай қалған. Сондай-ақ басқа да малдарды жайылымға шығаруға қиындықтар туындаған. Осыған байланысты аймақта шаруалар үшін арнайы бағдарлама әзірленді.
Облыс әкім Асайын Байхановтың тапсырмасымен және «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қолдауымен ұйымдастырылған бағдарламада мал азығын несиеге алуға болады. Бұл қолдау кепілсіз беріледі. Бағдарламаның шарттары туралы облыс әкімі айтып берді.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қадірменді жерлестер бүгін өңіріміздің мал шаруашылығы иелеріне арнайы хабарлама жасаймын. Баршамызға мәлім ауа райының қолайсыздығына байланысты малдың жайылымға шығуы қиындады. Осы аптаның басында біз «Павлодар» ӘКК арқылы жемдік астықты тауарлық несие ретінде арнайы өңірлік бағдарласын іске қосты. Бұл несие 2024 жылдыі 1 қарашасына дейін бастапқы төлемсіз және пайызсыз беріледі./// 00:36
Аталған бағдарлама өңір шаруалары үшін зор демеу. Және қайтару шарты мен мерзімі қолайлы. Несие алу үшін аудан әкімдіктеріне жүгіну қажет.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгінгі таңда 190 шаруашылық қана 2300 тонна астыққа өтінім түсірді. Бұл біз күткеннен аз болды. Мүмкін маңызды ақпара баршаңызға жетпеді. Сондықтан аталмыш мемлекеттік қолдау шараларына тағы да сіздердің назарларыңызды аударғым келеді. Бұл ретті осы ақпаратты барша мал өсірушілерге жеткізуді сұраймын. Бағдарлама туралы бейнеде көрсетілген нөмірлер бойынша немесе аудандық әкімдіктерінің ауылшаруашылығы бөлімдерінен білуге болады.
Қазір тұрақтандыру қорында 5 мың тоннаға жуық жемдік астық бар. Айта кету керек, бұл бағдарлама тек Павлодар облысында ғана қолға алынған.
Әйгерім Тоқпанқызы