Жануарлардың қаңқалары арқылы өткен замандағы құпияны анықтауға болады. Павлодарлық археологтар тарихты зерттеуге осындай әдісі қолданбақ. Бұл үшін әр елден зерттеушілер шақырылды.

Павлодарлық ғалымдар тарихи құпияларды жануарлардың қаңқалары арқылы зерттеуге көшті. Бұл бұрын соңды болмаған әдіс. Осы арқылы археологтар ежелгі дәуірдегі құпияларды ашпақ. Ол үшін көрші елден ғалымдар шақырылды.

Байдала ауылына жақын маңнан табылған Қимақ күймесі көптеген жұмбақтың сырын ашты. Құнды жәдігерді сақтап қалу үшін Тимур Смағұлов бастаған ғалымдар оны ұзақ уақыт зерттеді. Ал жануарлардыңі қаңқасы бұл құпияны ашудың бірден бір сыры болмақ.

Қимақ күймесі Алматыдағы зертханаға жіберілді. Қазір ғалымдар осы қорғаннан табылған өзге заттарды зерттеп жатыр.

Павлодарлық археологтар күймемен бірге жерленген ер адамның сүйектерін зерттеп жатыр. Әзірге нақты бір болжам айтуға ерте екенін айтады. Сондықтан, екі елдің бірлескен зерттеушілері әлі талай тың деректерді табады деген сенім бар.