Биыл Шәкен Аймановтың дүниеге келгеніне 110 жыл. Қазақ киносының саңғалғының артында қалдырған мұрасы ұлт өнерінің баға жетпес қазынасы. Майра Шамсутдинов атындағы ән шығармашылығы музейінде Шәкен Аймановтың фильмдеріне орындалған әндерден танымдық сазды кеш өтті.

Шәкен Айманов өз фильмдерінде халық әндерінен бастап, класикалық орындаудағы әндерді көп қолданған. Өйткені дара таланттың туып-өскен ортасы әнге бай Бяанауыл. Жездесі Қали Байжанов біртуар дара дарын иесі. Көпшілікке белгілі «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде» де көптеген әсем әндер орындалады.

Майра музейінде өткен шара аясында дәл осы әнді қазақ өнер айдынында жүрген бүгінгі жастар шырқады.

Бұл фильмде өзге де ән өнерінің жауһарлары шырқалды. Ғажайып әндер осы фильм арқылы көпке таралды.

Бибігүл Төлегенова сияқты жарық жұлдыздар экран арқылы өнер шашты. Дара дауыс иесі орындаған дәл осы ән де шара аясында шырқалды.

Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай өңірімізде, елімізде өзге көптеген шаралар жоспарланған.

Жанасыл Серікбол