Биыл өңірде «Ертіс жастары» тұрғын үй бағдарламасы бастау алды. Жоба 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарын тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта бағдарламаның алғашқы кезеңі аяқталды. Оның нәтижесі туралы толығырақ алдағы сюжетте.
Өңірде тұрғын үй қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен «Ертіс жастары» атты жас мамандарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаға өтініштер 5 ақпаннан бастап 9 ақпанға дейін қабылданған. Бірінші кезеңнің қорытындысы белгілі болды. Айта кетейік, бағдарлама жеңімпаздарының тізімі балдық жүйе арқылы есептелінді. Оған денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, БАҚ мен жоғары оқу орындарынан 280 өтініш келіп түскен.
Кері қайтарылған 121 өтініш қойылған талаптарға сәйкес келмеген. Мәселен, қатысушының тұрғылықты тіркеу орны соңғы 2 жылда болмаған, отбасы табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі бұған басты себеп. Ад, қабылданған 38 өтініш екінші кезеңге өтті.
КЕНЖЕГҮЛ ЖОЛЖАҚСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
38 адам бірінші этап, бальный система санағанда. Екінші этапта направление алып, Отбасы банкка барады. Олар несиені қарайды, платежспособность қарайды. Одан өтсе ары қарай қатысушы өзіңе баспана таңдайды, 2 айдың ішінде
Игі бағдарлама баспана алудан үмітті жастарға ыңғайлы болып, өңір жастарының тұрмысын жақсартуға септігін тигізері анық.
Қымбат Садық