Бірнеше күннен соң еліміз Алғыс айту мерекесін атап өтеді. Осыдан 8 жыл бұрын бекітілген бұл мереке бүгінде ел бірлігі мен ынтымағын нығайту мазмұнында тереңінен қалыптасты. Ал, тұрғындардың айтар алғысы таусылған емес.

Облыстық кардиологиялық орталық мамандары жылына мыңдаған жанның өміріне араша түседі. Халықтың жүрегін емдеп алғысын алуда. Адамның ең аяулы жері жүрегі десек, дәл осын емдеп, қалпына келтіру жолында тер төгіп жүрген жандарға алғыстан басқа айтар жоқ.

Жүректі жылы сөз сақтайды. Осы ұстанымдағы кардиологиялық орталық ұжымы әр науқаспен етене жақынындай жылы сөйлеседі. Жайлы орта қалыптастыра білген.

Алғыс айту айналаңы жақсылық нұрын тарату. Адамның ізгі қасиетін бағалау. Бір-біріне алғыс айтқан елдің берекесі де мығым болмақ.

Жанасыл Серікбол