Облыстық балалар ауруханасы негізінде жаңа тіс бөлімшесі ашылды. Оның жұмысымен облыстық денсаулық сақтау ісінің басшысы танысты. Онда ерекше балаларды емдеуде қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Толығырақ тілші тарқатады.

Бұл тіс емдеу бөлімшесі қаңтар айында ашылды. Мамандар 1 наурыздан бастап өтініштер қабылдаған. Облыстық балалар ауруханасының қаражаты есебінен жалпы ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, жаңа тіс кабинеттеріне 2 млнға жуық қаржы бөлінген. Әрі бірнеше жаңа медициналық құралдармен жабдықталды. Ал, облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа жиһаз сатып алынған. Айта кетейік, мұнда 18 жасқа дейінгі балалар ем қабылдау алады. Басты мақсат мүмкіндігі шектеулі балаларды анестезияның көмегімен емдеу қарастырылған.

ӘНУАР БҰЙРАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Көп жағдайда бізге мүмкіндігі шектеулі және аутизм диагнозы қойылған балалардың ата-аналары осындай тіс емханаларын ашу туралы біраз ұсыныстарын жиі айтқан. Мәселен, облыста аутизмге шалдыққан көп балалар бар. Бұл мақсатта, мына бөлімшеде барлық жағдай қарастырылған. Арнайы мемлекеттік лицензияны да алды

18 жасқа дейінгі әр бала міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін емделе алады. Қызмет алу үшін, алдымен, учаскелік дәрігерден жолдама алу керек. Ал, мүмкіндігі шектеулі балалар мен оның ата-анасы міндетті түрде емханаға келуі керек. Өйткені, дәрігерлер баланы қарап, емдеу шараларын тағайындайды. Анестезияны алмас бұрын анализдер алынып, алдын ала дайындалу қажет.

ҚҰМАР АЙТҚАЗИНОВ, РЕНТГЕН-ЛАБОРАНТ

Жалпы жұмысымыз біз панорамный снимоктар жасаймыз.Стомотологтар қарап бізге жібереді, біз снимоктарды жасап эдектронды түрде жібереміз, өздері қарайды жаңадан ашылып жатыр. Аппараттар бәрі жаңа, жақсы,сапасы жақсы

Сондай-ақ мұнда наркозбен ем қабылдау үшін күніне 1-2 бала ғана жүгінеді. Себебі, бір емес бірнеше тістерді емдеу көп уақытты талап етеді дейді мамандар. Гүлнұр Сәбитқызының 7 жастағы қызына кариес диагнозы қойылған. Ол, баласы тіркелген ауруханадан жолдама алу арқылы тегін көмек алды.

ГҮЛНҰР СӘБИТҚЫЗЫ, АТА-АНА

Бүгін қызымды емдеп берді тіс дәрігерлері. Оларға алғысым шексіз. Дәрігерлер мен медбикелердің баламен тіл табысуы өте жақсы болды. Ары қарай түсіндірді қандай ем алу керектігін, егер қандай да мазалаулар болса үйде, тісі ауырса дәрілерін жазып берді. Болашақта, поликлиникаға барып, жолдама алу арқылы басқа тістерін емдеуге болатынын айтты

Айта кетейік, әзірге хирург және үш тіс дәрігері стомотологиялық көмек көрсетеді. Наркоз арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың тісін емдей алатын мұндай бөлімшелердің көптеп болуы маңызды. Сондықтан, мамандар білікті дәрігерлерді қызметке шақырады.

Қымбат Садық