Өңірде "Мигрант" жедел алдын алу шарасы өтуде. 11 наурыз күні басталған операцияның алғашқы екі күнінінде елімізде жүріп тұру заңнамасын бұзған 145 шет ел азаматы анықталды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бұл күндері полиция қызметкерлері құрылыс нсындарына, базар мен қоғамдық орындарға барып тексеру жүргізді. Операция барысында заңға қайшы әрекет жасаған 145 мигрант анықталды. Бұның нәтежесінде 7 шет ел азаматы ел аумағынан шығарылады. Бұдан бөлек, бұл азаматтарды жұмысқа қабылдаған 10 кәсіпкер айыппұл арқалады. Павлодар ауданында Ольгин ауылында Өзбекстан елінің азаматы шаруа қожалықта құжатсыз заңсыз еңбек етті.

Ал Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында көші қон заңнамасын бұзған 50 жастағы әйел жазаланды. Жедел алдын алу шарасы наурыздыі 15іне дейін жалғасады.

Әйгерім Тоқпанқызы