Биыл атақты жерлесіміз Шәкен Аймановтың 110 жылдығы аталып өтеді. Бұл салтанатты мерекелеу бүгін облыс орталығында басталды. Ғылыми тәжірбиелік конференция ұйымдастырылып, ғұлама тұлғаның құрметіне кітаптың тұсау кесілді. Кітап авторы жерлесіміз, белгілі ғалым Амантай Құдабаев. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қазақ киносының негізін қалаушы, даңқты жерлесіміз Шәкен Айманов нағыз табиғи дарын иесі. Ол қазақ киносының негізін қалаған нар тұлға. Ал оның сомдаған рөлдері актерлік шеберліктің үлгісі. Конференция жұмысына ат терлетіп Алматы қаласынан дәріс алған шәкірттері келді. Олар өнер қайраткері жайлы естеліктермен бөлісті.

СЛӘМБЕК ТӘУЕКЕЛ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Шәкен аға театр қайраткері болғанымен жаңа кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ киносының корифиі . Себебі, айтуға болады Шәкен Аймановтың феномені деп. Себебі, бұл кісі дәл киноның дамуына киноның қалыптасуына Қазақстан киносының іргетісн қалауы кезінде бізде Қазақ фильмді басқарды. Қазақ фильмінің көркемдік жетекшісі болды. Шәкен аға 56 жас өмір сүрді. Соның өзінде 15-16 фильм жасап бүкіл қазақ киносына үлгі боларлықтай із қалдырды.

Конференция барысында Шәкен Айманов туралы деректі фильм көрсетілді. Бұдан кейін конференция жұмысы басталды. Онда кинорежиссермен бірге кино алаңда болған әріптестері оның кең пейілдігі мен ақжарқын, ақкөңіл бейнесін еске алып, сондай-ақ кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Ал жиынға қатысқан облыс әкімі Асайын Байханов кемеңгер тұлғаның еңбектерін ұрпаққа жеткізу ұлы мұратымыз екенін жеткізді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ұлттық кино әлемінің символына айналған алып тұлғалардың бірі. Алдар Көсе, Атамекен, Тақиялы періште, Біздің сүйікті дәрігер сынды фильмдері талай ұрпақты тәрбиелеуде. Бүгінде қазақ киносының қара шаңырағына айналған Ш.Кенжетайұлы атындағы Қазақфильм киностудиясында халқымызды ұлттық болмысымен танытатын фильмдер түсірулуде. Шәкен Айманов ел мақтанышы ұлы тұлғаның мұрасын сақтауда барынша ат салысуға дайынбыз. Сондықтан бүгінгі іс шара дарынды талант иесін танытуды маңызды қадамдардың бірі екенін білемін

Бұдан кейін «Сұңғыла» кітабының тұсауы кесілді. Оқырманға жол тартқан жаңа кітап әлемге әйгілі жерлесіміздің өмір жолынан сыр шертеді.

АМАНТАЙ ҚҰДАБАЕВ, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

Мынау өзіміздің елдің азаматтарының көптеген естелік жаздық. Кітапқа көптеген мақала кірді. Кітаптың көлемі де айтарлықтай 345 бет болып шықты. Мұндағы ойымыз Шәкен аймановтың ешкімге ұқсамайтын өзіндік бейнесін ерекшелігі қандай кино түсірсе де ұлттық құндылықтарды дәріптеген.

Аты аңызға айналған режиссердің есімі Қазақстанның кино тарихында мәңгілік қалды. Әр ұлт, әр халық өзінің дара перзенттерін мақтан тұтады, солармен мәңгі жасайды

Әйгерім Тоқпанқызы