Өңірімізде екінші рет республикалық жас орындаушылар байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған еліміздің мамандандырылған мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысады. Толығырақ алдағы сюжетте.

Жас орындаушылар байқауы қаламыздағы музыка колледжінің 65 жылдығы мен музыкалық мектеп-интернаттың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Музыкалық колледждің тарихы тереңде жатыр, онда 65 жыл ішінде 3 мыңнан астам түлек түлеп ұшты.

СЕРІК СЫЗДЫҚОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Өзіміздің жетістіктерімізбен бөлісуді жөн көріп, осы байқауды ұймдастырып отырмыз. Бұл республикалық байқаудың бірінші сатысы 2020 жылы пандемия кезінде онлайн форматта өтті. Оған 300-ден астам қатысушы қатыссып, 30-дан астам әділ-қазы тартылған болатын. Биыл екінші республикалық, енді сәтін салса бұл конкурс жылма-жыл дәстүрге айналып өткізіліп отыратын болады

Байқауға жалпы саны 200-ге жуық оқушылар мен студенттер қатысады. Олар арнайы фортепиано, үрмелі және ұрмалы аспаптар аталымындарында бақ сынап, өз өнерлерін көрсетпек.

АЛМАС НҰҒЫМАНОВ, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Жан-жақтан, Қазақстанның Алматы, Астана, Петропавл, Қарағанды, Өскемен бүкіл аймақтардағы мамандандырылған музыкалық мектептер қатысып жатыр. Бұл конкурста бағалы сыйлықтармен, 1, 2, 3 орын иегерлері және гран-при анықталатын болады.Конкурс биыл екінші рет өтуде. Болашақта ауқымы үлкен республикалық конкурс болады деген ойдамыз

Мұндай байқаулардың отандық және келешекте шетелдік сахналарда өнер көрсететін жас таланттарды анықтаудағы маңызы зор екені анық.

Айта кетейік, қатысушылар алдағы екі күн бойы музыкалық өнерлерін көрсетеді. Жеңіс тұғырынан көрінген жас таланттылар диплом және сыйлықтармен марапатталады.

Қымбат Садық