Павлодар облысында тозығы жеткен лифтілер кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Екібастұз қаласында биыл 10 жолаушы лифті модернизациядан өтеді. Қазірдің өзінде бірнеше үйде жаңа лифтілер іске қосылып, қалғаны қазан айының басына дейін орнатылады деп жоспарланған.Тақырыпты тілшіміз жалғастырады.

Екібастұзда лифтілерді жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінде 3 жолаушы лифті пайдалануға берілсе, қалған 7-еуі қазан айының басына дейін толық орнатылады

Диас Байкенов, әкімшілік сектордың тұрғын үй бөлімінің меңгерушісі

Модернизация бағдарламасына қатысу үшін тұрғындарға міндетті түрде заң бойынша жазбаша рұқсатты беру керек. Өнер кәсіптік сараптаманы өткізу керек.Одан кейін құжаттарды бізге тұрғын инспекциясына тапсырады.Осы бағдарлама қала әкімінің қолдауымен жүзеге асырылады. Және де барлық тұрғындарды осы модернизацияға қатысуға шақырамыз.

Бір лифтті толық ауыстыруға шамамен бір жарым ай уақыт қажет. Модернизация Абай, Машһүр Жүсіп, Сәтпаев және Беркімбаев көшелеріндегі үйлерде жүріп жатыр. Мәселен, Абай көшесі 49-үйдің 4-корпусында 3 кіреберісте 27 пәтер бар.

Зәуреш Жетпісбаева, үй басқарушысы

Тұрғындар төлемді өз пәтерінің шаршы метріне қарай жүргізеді. Бұл — әділетті жүйе. Төлем мерзімі 10 жыл болып бекітілді, мұны тұрғындар сауалнама арқылы таңдады. Қазір лифт сынақ режимінде іске қосылды, бәрі жақсы жұмыс істеп тұр.

Жобаға қатысқан үйлердің тұрғындары да қанағаттанған. Олар бұл жұмысты өзара ұйымдасып, әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырған.

Мадияр Орынбаев, Екібастұз қаласының тұрғыны

Тұрғындармен жиналып, подрядный организацияны тауып қала әкімінің қолдауымен біздің лифті ауыстырып берді.Заманауи жаңа, осы орайда жұмыскерлерге өте көп рақмет. Барлығын жинап кетті.Акиматтың қолдауы бойынша өз ақшамызға алдық.Бірақта рассрочкаға банк арқылы бұл өте тиімді.

Жөндеу жұмыстарына «Иртыш Лифт» ЖШС жауапты. Компания Беларусьтің «Могилевлифтмаш» зауытының ресми өкілі.

Алексей Сергиенко, «Иртыш Лифт» ЖШС директорының орынбасары

Біз — «Могилевлифтмаш» зауытының ресми дилеріміз. Бұл жоба тұрғындардың, КСК-нің және әкімдіктің бірлескен жұмысының нәтижесі. Лифт қоры тозған. Сондықтан жаңарту — өзекті мәселе. Мемлекеттік қолдау мен бөліп төлеу жүйесінің арқасында бұл мүмкіндік қолжетімді болып отыр.

Жаңа лифтілер — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды қадам. Модернизация бағдарламасы өз тиімділігін көрсетіп отыр және бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Дильназ Қуанышбекқызы