«Аманат» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балаңызды мектепке апарыңыз» акциясы өтуде. Партиялық жоба аясында Павлодар облысында 500 балаға жаңа оқу жылына көмек көрсетілді.
Облыс орталығында жүз балаға мектеп сөмкелері балалар киімінің дүкеніне 20 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Сонымен қатар, Павлодар және Ақсу қалаларында 200, Шарбақтыда 40 бала осындай қолдаумен қамтылды. Бес баланы асырап отырған Айгүл Қалқабаева да осындай көмекке қол жеткізді.
Тізімдер білім бөлімімен бірлесе және партияның қоғамдық қабылдау бөлімі арқылы жасалады. Тұрғындар өздері келіп өтініш жасайды. Осылайша аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіледі.
«Аманат» партиясы «Баланы мектепке дайында» акциясын жиырма жылдан бері қолдап келе жатыр. Оның ауқымы жыл сайын артып, барлық деңгейдегі депутаттар ат салысуда.
«Баланы мектепке дайында» акциясы 11 тамызда басталып, бүгінге дейін бір жарым мыңға жуық балаға көмек көрсетілсе, 1 қыркүйекке дейін бұл сан екі мыңнан асады. Акция аясында «Аманат» партиясының облыстық филиалы бүлдіршіндер үшін ұтылмайтын ұтыс ойынын ұйымдастырды. Онда ектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сертификаттан бөлек, шағын сыйлықтар да берілді.
Жанасыл Серікбол