Ерекше қажеттіліктері бар балалардың, әсіресе жүйке жүйесі зақымданған және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың ата-аналары енді үй жағдайында заманауи тренажерлермен оңалтудан өту мүмкіндігіне ие болды. Бұны пайдалану үшін қайда жүгіну қажет? Оңалту құралдарын қалай алуға болады? Тілшіміз толықтырады.
Бұл орталықтар қазір еліміздің тек төрт өңірінде ғана бар. Солардың бірі Павлодар қаласныда орналдасқан. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жалпы құны 656 миллион теңгеге тиімді, сапалы әрі қауіпсіз оңалту құралдарын сатып алды. Бұл құралдар өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінде 53 бала осындай қызметті пайдаланып үлгерді. Олардың ішінде 28-іне оңалту құралдары үйге берілсе, 5 бала оңалту курсынан толық өтті. Тағы 18 бала орталықта ем қабылдап жатыр, ал 2 бала оқыту кезеңінен өтуде. Жұпар Құсайынова бұл орталыққа немересін төрт жылдан бері әкеліп жүр.
Жұпар Құсайынова, Павлодар қаласының тұрғыны
Қазақстан халқы қорына осындай оборудование бергеніне біріншіде вертикализатор. Қазір міне ходунки. Осындай көмек бергеніне көптен көп рақмет. Осы ерекше балалардың осындай көтеріп ары қарай дамуына жүруіне сөйлеуіне қоры пайдалы. Әрі де бізге керек.
Әр баланың жағдайы мен қажеттілігі ескеріліп, оңалту құралдары жеке таңдалады. Орталықта арнайы маман жұмыс істейді. Ол ата-аналарға жабдықты дұрыс пайдалануды үйретеді. Ал құрылғылар облыстың кез келген нүктесіне тікелей үйге жеткізіледі. Мысалы, мүгедектер арбасы алты ай мерзімге беріледі. Қажет болған жағдайда оны пайдалану уақыты ұзартылуы мүмкін.
Виктория Берет, Павлодар қаласының тұрғыны
Басқа оңалту құралдары баламыздың жағдайының ауырлығына байланысты жарамады. Бірақ арба бізге өте қолайлы болды. Мамандар бәрін орнатып берді. Әрдайым бізбен бірге байланыста. Біз күніне үш рет жаттығу жасаймыз. Дұрыс отырғызу, тамақтандыру және арнайы қозғалыс жаттығулары бар. Жарты жылдың ішінде баланың жағдайы едәуір жақсарды – буындары мен аяқтары ауырмайтын болды.
Қазір орталықта 58 тренажердің 16-сы бос тұр. Ерекше қажеттілігі бар балаларына оңалту құралдары қажет ата-аналар орталыққа келіп, кеңес алып, өздеріне қажет жабдықты таңдай алады. Орталықтың мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 42/1.
Роза Қадырбекова, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған реабилитация орталығы басшысының орынбасары
Қайта тексеруден өтіп жатқан ата-аналарға 1414 нөмірінен біздің орталықтың байланыс нөмірі жазылған хабарлама келеді. 8-777-954-54-29 нөміріне хабарласып, сұрақ қоюға немесе қабылдауға жазылуға болады. Біз әр баланың жағдайына қарай оңалтуға қажет жабдықтарды таңдап, үйде әрі қарай ем алуына көмектесеміз.
Айта кетейік, өңірде тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар 540 бала тұрады.
Әйгерім Тоқпанқызы