Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Соңғы жылдары бұл салада цифрлық технологияларды енгізу арқылы халыққа көрсетілетін қызметтің тиімділігі артып келеді. Біздің өңірде қандай қызмет түрлері көрсетілді? Тілші әңгімесінде.

Биыл өңір тұрғындарына 1 млн аса медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 92 519 көмек қашықтан ұсынылған. Бұл жалпы көлемнің 8,3 пайызына тең. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе артқан. Денсаулық сақтау министрлігі жалған медициналық қызметтерді тіркеу жағдайларын болдырмау мақсатында жаңа технологияларды енгізуді қолға алды. Ведомство тиісті іс-шаралар жоспарын бекітіп, медициналық қызмет сапасын арттыруға және жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жаңашылдықтарды жүзеге асыруда.

Гүлнұр Өмірбаева, жалпы тәжірибелік дәрігер

Медицина саласында осы цифрлік құралдарды қолдану қарқынды түрде жүріп жатыр. Себебі бұл ең біріншіден медицина қызметкерлерінің жұмысына жүктеменің азаюына алып келеді. Ашық болуына ықпал етеді. Қазіргі таңда медициналық құралдар пайдаланып келеді. Соның ішінде басты бағыттардың бірі қашықтықтан медициналық науқастар үшін қызметкерлер үшін оң нәтежелерін беріп жатыр. Атап айтар болсақ науқастар үшін ең бірінші кезекте уақыттарын ақшаларын үнемдеу арқылы қашықтықтан медициналық көмек ала алады.

Биыл eGov порталында "Цифрлық құжат" сервисі арқылы берілетін алты таңбалы код пен FaceID биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді. 2 млнға жуық сәйкестендіру жүргізілді. Бұл қабылдаулардың 52 пайызына тең.

Гүлнұр Өмірбаева, жалпы тәжірибелік дәрігер

Цифрлік технологиялар қолдану барысында ең біріншіден тіркеулердің болмауын алдын алу жүргізіліп жатыр. Бұл тарапты екі түрлі құралды қолдану арқылы науқастар өздерінің қабылдауда болғанын растай алады. Ол ең бірінші егов мобильді қосымшасында цифрлік құжат сервисінде 6 таңбалы кодтты айту арқылы. Екіншісі фэйс айди арқылы өздерін биометриалық сәйкестендіру арқылы өздерін қабылдауда болғанын растайды.

Бұған қоса биылдан бастап медициналық анықтамалардың сегіз түрі, оның ішінде еңбекке жарамсыздық парағы электронды түрде беріле бастады. Құжаттар «Амбулаториялық-поликлиникалық көмек» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделіп, тиісті органдармен интеграцияланған. Бұл қызмет көрсетуді жеделдетіп, қағазбастылықты азайтуға мүмкіндік береді.

Әйгерім Тоқпанқызы