Жолаушылар пойызы қараусыз жүрген мал кесіренен шұғыл тоқтауға мәжбүр. Жыл басынан жолаушылар және жүк көліктері 52 рет шұғыл тежеуді қолданды. Басым бөлігі Екібастұз бен Май ауданы арқылы өтетін теміржолдарда. Осы ретте, желілік полиция профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.
Бұл Май ауданы, Көктебе ауылы арқылы өтетін теміржолдың 103-ші шақырымы. Соңғы кезде осы аумақтарда жолаушылар пойыздары жиі шұғыл тежелуге мәжбүр. Оған себеп – қараусыз малдың теміржол бойында жүруі.
Сейілхан Олжабаев, №32 ЖБ қашықтық жолы бастығының орынбасары
Енді жағдай мына ауылдық жерлерде ен бірінші Ақсу-Дегелен 184 шақырым салынған. Ауылдардың қасынан өткен. Малдардың теміржолға шығып кетуі жағдайы болып жатыр. Теміржол жаңарып жатыр, жылдамдығы көтеріліп жатыр. Халықпен жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ оған қарамай осындай экстренный наезд на скот деген жағдайлар көбейіп жатыр. Бүгін тағы шығып жұмыс істеп жатырмыз деп айтуымызға болады.
Теміржол бойында қараусыз жүрген үй жануарлары пойыз қозғалысына қауіп төндіреді. Осындай жағдайларда локомотив зақымданады, жолдар бүлінеді. Жолаушылар пойызы кідіріп, онда отырған адамдар баратын жеріне кешігеді. Айта берсең, келтірер залал жетеді.
Ернар Маманов, Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің әкімшілік бөлімшесінің бастығы
Жыл басынан бері Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінде 52 факті жедел тежеу қолданды. Оның ішінде 45 фактісі мал иелері анықталып, әкімшілік айыппұл салынды. 5 АЕК көлемінде. Ең бірінші мақсатымыз ауыл тұрғындары, аудан тұрғындарыне ескерту, үй жануарларын қараусыз қалдырмау.
Жыл басынан жедел тежеудің ең көп кездескен аумағы Екібастұз, Май аудандары екен. Айта кетейік, Май ауданы бойынша жедел тежеудің 9 фактісі тіркелді. Оның жетеуінде мал иелері анықталды. Қазір теміржолдарғы жағдайды бақылап тұру үшін желілік полиция бөлімі дрондарды қолданады.
Сейілхан Олжабаев, №32 ЖБ қашықтық жолы бастығының орынбасары
Жоқ малдың иесі табылып жатады. Малдың таңбалары бар, иелері табылып, шара қолданылып жатыр. Әкімшілік айыппұл беріліп жатыр.
Айта кетейік, теміржол аумағында мал жаюға, бағуға, қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Әйтпесе, мал иесіне ҚР ӘҚБ Кодексінің 559 бабы 1 бөлігі негізінде 5 АЕК көлемінде айыпұл салынады.
Самал Қалиқызы