Егін жинау науқанына дайындық қалай жүріп жатыр? Жылыту маусымы қашан басталады? Ал өңірде ата заң мерекесі қалай тойлананады? Бұл жөнінде бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысының қатысуымен өткен жиында айтылды. Толығырақ отырысқа қатысып қайтқан тілшіміз Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.
Аппаратты жиын кадрлық тағайындаудан басталды. Облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен ауыл шаруашылығын басқармасын Әділ Болатұлы Исин басқарады. Шенеунік облыс активіне таныстырылды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Ең алдымен кадрлық өзгерістернед бастаймыз. Менің өкімімен Әділ Болатұлы Исин Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әділ Болатұлы 1992 жылы туған. Салалық мамандықтарды игерген. 10 жылдан астам мемлекеттік қызметте тәжірбиесі бар. Әділ Болатұлы сіздің жұмысыңызға сәттілік тілеймін.
Бұдан кейін жиында үш негізгі мәселе қаралды. Бұл егін жинау науқаны, жылыту маусымына дайындық және Конституция күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар легі. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі айтарлықтай артқан. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева баяндады.
Әйгерім Қабылтаева, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Уборочная площадь сельскохозяйственных культур в
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы биыл 1 миллион 445 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 78,7 мың гектарға көп. Әсіресе майлы дақылдар мен картоп егістігінің көлемі ұлғайған. Өсімдік өсіру бағытына 6 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінді. Қазіргі уақытта бұл қаражат толық игерілді. Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингі арқылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 44,9 миллиард теңгеге 624 несие берілді. «Кең дала» бағдарламасы аясында қосымша 17 миллиард теңгеге 102 несие рәсімделген
Өңір басшысы егінмен қатар, өнімді сақтау мәселесіне де назар аударды. Әсіресе картоп сақтайтын қоймалардың дайындығын сұрады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Қоймалардың дайындығы қалай? Картоп сақтала ма? 800 мың тонна. 6 мың гектарға картоп алқаптары ұлғайды
Әйгерім Қабылтаева, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Картоп сақтайтын қоймалар бар. Олардың бәрі аудандармен тексеріс жүргізіліп, тағы 5 қойма іске асатын болады. Бұл жұмыс жүргізілуде.
Мал азығын дайындау мен жеткізу жұмыстары 25 қазанға дейін толық аяқталуы тиіс. Ал жылыту маусымына дайындық — өңір әкімінің ерекше бақылауында. Қазір облыс орталығында 30 көпқабатты үйде әлі ыстық су жоқ. Қала әкімінің айтуынша, жөндеу жұмыстары 28 тамызға дейін аяқталып, барлық үйге ыстық су беріледі.Жалпы Павлодар қаласында 1308 үйдің 1268-зі жылыту маусымына дайын. Жылу әлеуметтік нысандарға 10-15 қыркүйектен беріле бастайды.
Ержан Иманзаипов, Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы
Биыл жылу жүйесіне 35,7 миллиард теңге инвестиция құйылды. Бұл 46 бірлік жабдықты жөндеп, 31 шақырым жылу желісін жаңартуға мүмкіндік берді. Жылу беру маусымына дайындық аясында көпқабатты үйлердің 99,1 пайызы яғни Павлодар қаласында 1308 үйдің 1268-і дайын. Екібастұзда 705 үйдің 635-і, Ақсуда және аудандарда да дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Гидравликалық сынақ нәтижесінде үш қалада 295 ақау анықталып, оның 269-ы жойылды. Қалған 26-сын 2 қыркүйекке дейін жою жоспарланған.
Облыс әкімі жауаптыларға жылыту маусымын уақытында бастап, қатты отынды ауыл аймаққа және әлеуметтік және білім беру нысандарына уақытында жеткізуді тапсырды. Содан кейін жиында 30 тамыз – Конституция күніне орай өтетін мерекелік шаралар легі сөз болды. Облыс көлемінде патриоттық тәрбие мен құқықтық мәдениетті насихаттау бағытындағы жұмыстар басталып кеткен.
Аппараттық жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі егін жинау науқанын уақытында аяқтап, жылыту маусымына толық дайын болуды тапсырды. Ал Ата заң мерекесін жоғары деңгейде атап өтуді жүктеді.
Әйгерім Тоқпанқызы