Павлодар облысында жыл басынан ерте жүктіліктің 43 жағдайы анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірқатар төмендеген статистика дейді мамандар. Осы ретте жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Тілшіміз жалғастырсын.

Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын бірге қорғайық. Дәл осындай тақырыппен ұлттық комиссияның қатысуымен өңірлік семинар ұйымдастырылды. Онда жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сұрақтар талқыланды.

Эльмира Кәрімова, ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

Бұл оқытуларды білім беру ұйымдарында ғана емес, жастардың денсаулық орталықтарда өткізу керек. Бүгін жастардың денсаулық орталығы мектептермен жұмыс жүргізгісі келетінін айтты. Сондықтан педагогтар мен оқушылар жастардың денсаулық орталықтарымен кездесу үшін осы алаңдарды біз құру керекпіз. Жастар мен жасөспірімдер үшін ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу керек.

2024 жылы Павлодар облысында 7 айда ерте жүктіліктің 70-ке жуық жағдайы тіркелген. Биыл көрсеткіш 35 пайызға төмендеген.

Иран Шәметеков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша Павлодар облысында ерте жүктіліктің 43 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға төмен статистика. Өткен жылы ерте жүктіліктің 67 фактісі тіркелген еді. Бұл жүйелі профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Павлодар облысында 3 жастардың денсаулық орталығы бар. Алмаз медикал Павлодар қаласындағы, 3 емхана осындағы және Екібастұздағы №3 емхана.

Кепілдендірілген медициналық көмек аясында 20 қызмет түрі көрсетіледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде 90-нан астам қызмет ұсынылады. 7 айда жоғарыдағы 3 орталықпен жастар мен жасөспірімдерге 31 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Оның ішінде психологиялық, гинекологиялық, терапиялық, урологиялық көмек берілді. Қызмет алушылар 15-18 жастағы жастар, деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Әйгерім Әбенова, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы

Білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын сақтау бойынша профилактикалық шаралар жүйелі жүргізіледі. Жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында білім беру ұйымдарында 250 «Аққу» клубы құрылды. Ол 4 мың қыз баланы қамтиды. «Әкелер», «Аналар», «Әжелер», «Аталар» клубтары қарқынды жұмыс жасап тұр.

Семинар қатысушылары тақырып аясында өз пікірлері және ойларымен бөлісті.

Самал Қалиқызы