Кенжекөл ауылында дәстүрге айналған «Ауыл күні» мерекесі биыл кең тойланды. Шара аясында ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылып, көрермендер қызықты сайыстарды тамашалады. Көкпар додасында бірнеше ауданның шабандоздары бақ сынады. Ал кешкісін ауыл орталығында концерт өтіп, сахнаға жергілікті өнерпаздар мен эстрада жұлдыздары шықты.
Кенжекөл – тарихы терең, берекелі ауыл. Жыл сайын мұнда ауылдың туған күні ерекше думанға айналады. Биыл да тұрғындардың сұрауы бойынша мерекеге ұлттық спорт түрлері енгізілді. Бұл күн– тек демалыс емес, бірлікті нығайтатын ортақ мейрамға айналып отыр.
Медет Сансызбаев, Кенжекөл ауылдық округінің әкімі
Биыл ауылымыздың 97 жылдығын тойлап жатырмыз. Осы шараға енгізіп жатқан ол ұлттық ойындар әрине. Содан кейін ат сүйер қаумының көкпар ойынын жасап жатырмыз. Балаларға, үлкен кісілерге де арналған сауда ұйымдастырылды. Көптеген қызықты жарыстар жүріп жатыр. Барлығы ойластырылған. Бұл халықтың басын біріктіру үшін жасалып жатыр. Біз түскі уақытта ас бердік. Дұға бағыштап, қыстан аман шығып, жазғы уақытта халықтың шөбін жинап, науқандардың аман өтуіне байланысты.
Мерекенің ең қызықты сәті – көкпар додасы болды. Жарысқа Май, Аққулы, Екібастұз аудандары мен Кенжекөл ауылының шабандоздары қатысты. Көкпар – ат үстінде серкені іліп әкетіп, мәреге жеткізу арқылы күш пен ептілікті сынайтын ұлттық ойын. Қызу тартыста көрермендер шабандоздардың қайратына куә болды.
Жанат Қопашев, көкпаршы, төреші
Осы Кенжекөл ауылына Кереку елінін түкпір-түкпірінен келген 4 команда келді. Мықты, терезесі тең командалар. Жасөсіпірім командалар бұлар. Бүгінгі күні Кенжекөл ауылында жақсы өнер көрсетеді. Өткен Ақкөл елінде болған 90 жылдық мерейтойына қатысқан командалар қайтадан бір-бірімен кездеседі. Жалпы көкпар білекті, жүректі, мықты азаматтарымызды тартады.
Тартысты өткен ойында бірінші орынды Аққулы командасы жеңіп алды. Екінші орын Екібастұз ауданына бұйырса, Кенжекөл командасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Ал Май ауданының шабандоздары төртінші орынға тұрақтады. Жарыстан соң ауыл орталығында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сахна төріне жергілікті өнерпаздар шығып, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараға Павлодар қаласының әкімі қатысып, ауыл кәсіпкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Кенжекөлдің тұрғындары қашан да еңбекқор. Береке мен бірліктің арқасында ауыл - күн санап көркейіп келеді. Бүгінде Кенжекөлде халықтың жайлы тұрмысына қажетті барлық әлеуеммтік нысандар бар. Инфрақұрылым дамып, жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылуда. Бұл ауылға деген қамқоролықтың белгісі. Ауылдың дамуына үлес қосып жүрген барша тұрғындарға алғысымыды айтамын.
Ауыл күніне жиналған тұрғындар ұлттық ойындар мен концертті тамашалап, жақсы әсер алды. Кешкісін сахнаға эстрада жұлдыздары көтерілді.
Кештің басты қонақтары –Ұланғасыр Қами, The BrookIn және «TRISTAR» тобы болды. Әншілердің әсерлі орындауында ауыл тұрғындары мен қонақтары думанды кештің шуағына бөленді.
Сабина Жолдаспаева