Ұлттық қолөнерді дәріптейтін «Аламан құрақ» байқауы жыл сайын кең ауқымда ұйымдастырылып келеді. 2023 жылы алғаш рет өткен сайысқа Екібастұз қаласынан небәрі 7 адам қатысқан. Бір жыл ішінде қатысушылар саны бірнеше есе артып, екінші жылы 30 адам, ал биыл Алматыдағы әйгілі Медеу алаңында өткен байқауға 44 адам келді. Бүгін облыстық кітапхана төрінде қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Тілші әңгімесінде.

Қатысушылар бастапқыда жұмыс дәптеріне сәйкес дайындалады. Арнайы пакет көктемде ұсынылды. Тігінге шамамен 20 күннен бір айға дейін уақыт беріледі. Байқау аясында алма пішініндегі жастықтар мен құрақ көрпе құрылды.

Дәмет Әмренова, «Аламан құрақ» байқауының қатысушысы

Ережесі бізде жылдың басында февраль айында берілсе, күзге дейін дайындаймыз. Содан дейін пакет сатып алады. Негізі тігу мерзімі әр адамға 20 күн немес бір ай тігіледі. Еще алма жастығын тіктік.

Байқаудың мақсаты — ұлттық қолөнерді жаңғырту, құрақ көрпе тігудің сан алуан тәсілін болашақ ұрпаққа үйрету болды. Құрақтар тек сәндік сипатта ғана емес, мұрамызды жаңғыртуға бағытталған. Айта кетейік бұл шара тіпті Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.

Гүлзира Шаблина, «Аламан құрақ» байқауының қатысушысы

Біздің мақсатымыз көрпе тігу 2,30 ұзындығы, ені 90 см. Бүкіл қазақстан бойынша Алматыда Медеу алаңында болды. Мақсатымыз болашақ балаларға өзіміздің қолөнерімізді ары қарай дамытып жаңғырту. Оған 6 жастан сәби балалар қатысты ең үлкені 93 атамыз қатысты. Астанадан.

Бүгін барлық қатысушылар бас қосып, арнайы ұйымдастырылған жиында алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болды. Айта кетейік, келесі, төртінші «Аламан құрақ» байқауы Өскемен қаласында өтпек.

Әйгерім Тоқпанқызы