Ақсу қаласында төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі айлығы аясында тұрғын үйлерді аралады. Рейд өрттің алдын алуға және қауіпсіздік шараларын түсіндіруге бағытталды.
Мамандардың айтуынша, жылыту маусымында пештің дұрыс қолданылмауы немесе қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау өрттің басты себебіне айналуы мүмкін. Сондықтан рейд барысында арнайы құрылғылар орнатылды.
Жәнібек Төрехан, Ақсу қаласы ТЖБ аға инженері
ТЖБ қызметкерлері тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Шара барысында тұрғын үйлерге пеш алдындағы қаңылтырларды орнату және улы газды анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстары жүргізілді.
Бұл құрылғылар дер кезінде қауіпті жағдайды ескертіп, адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Ақсу қаласы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Сабина Жолдаспаева