30-шы тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Ата Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Ел азаматтары үшін маңызды құжат елдегі барлық заңнамалық актілердің өзегі десек артық айтпағанымыз.

1995 жылы 30 тамызда референдум өтіп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ата заңның тарихы 1993 жылдан басталады. Ал қазіргі қолданыстағы екінші Конституция 1995 жылы қабылданған еді. Бүгінге дейін Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары өзгерістер енгізілді. Ата заңымызға соңғы өзгертулер мен толықтырулар 2022 жылы 5 маусымда өткен жалпыұлттық референдум арқылы қабылданды. Нәтижесінде Конституцияның 33 бабына бірнеше өзгеріс енгізілді.

Қобланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

Конституция еліміздің іргетасы, еліміздің босатндығы мен бірлігінің тұрақтылығынң кепілі. Ата заңымыз бірнеше рет өзгерітлді. Ең ауқымды өзгерістер 2022 жылы референдум арқылы болды. Сол кезде бізге керек болды. Олде 3/1 бөлігіне өзгерістер енгізілді. 33-іне өзгерістер енгізілді. Халыққа қызмет етіп. Конституциялық сот жұмысын. Жүзеге асып отыр.

Ата Заң – еліміздің Тәуелсіздігін нығайтқан, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен темірқазық құжат. Конституция – бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол мемлекет пен қоғам арасындағы келісім, бүкілхалықтық сенімнің көрінісі.

Қобланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

Осы бүгінгі күнді пайдалана отырып, жалпықазақстындықтарға бақыт, шаттық, мереке құтты болсын.

Ата Заңымыз адамның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық екенін нақты бекітті. Бұл қағида бүгінде еліміздің барлық заңнамалық актілерінің өзегі десек болады.

Самал Қалиқызы