Павлодар облысында қылмыс саны келеді. Жағымды үрдіс соңғы бес жылда анық байқалуда. Мәселен, өткен жылы 2022 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға азайыпты. Осы және өзге де деректерді «Ертіс» телеарнасында сұхбат берген полиция департаментінің бастығы Василий Скляр айтты.

Қылмыстық құқықбұзушышық өткен жылы айтарлықтай азайған. Оның ішінде кісі өлтіру және ауыр жарақат салу сияқты қылмыс түрлері 15 пайызға, ал, тонаушылық 10 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, көшедегі бұзақылық, жасөспірімдердің қатысуымен болатын бұзушылық, тұрмыстық зомбылық түрлері де азайған. Қазір полицейлер есірткіге қарсы күрес жұмыстарын күшейткен.

ВАСИЛИЙ СКЛЯР, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

2023 жылы 400 килограммға жуық есірткі заты айналымнан шығарылды. Облыс аумағында есіркі саудасымен айналыстаны 4 қылмыстық топ құрықталды. Марихуана және өзге де психотроптық заттар өндірген 4 лаборотория жойылды. Биылдың өзінде 40 кг есірткі заты тәркіленді. Оның 37 килограмы марихуана

Полиция алдында тұрған міндет көп. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, алаяқтыққа қарсы тұру. Әсіресе интернет алаяқтық бүгінгі таңда өзекті.

ВАСИЛИЙ СКЛЯР, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Бұндай алаяқтық түрін ашу өте қиын. Өйткені, олардың көбі шетел аумағында. Сондықтан, осы орайда тұрғындардан абай болуын қайталап сұраймын. Жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз

Заман талабына сай полиция қызметі де өзгеріп, жаңаруда. Жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Соның бірі полицияның сервистік моделі. Бұл халыққа жақын полиция үлгісін қалыптастыру үшін енгізілген.

ВАСИЛИЙ СКЛЯР, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Полицияның сервистік моделі расымен де жаңашылдық. Бұндағы басты мақсат-тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Бұрынғыдай бір ғана учаскелік полиция емес, енді халыққа сол аумақтағы барлық қызметкер қолма-қол қызмет көрсетіп, көмектесе алады

Полиция департаменті бастығының «Ертіс» телеарнасы арқылы есеп беретіні күні бұрын хабарланған болатын. Сондықтан әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар мол болды.

Жанасыл Серікбол