Еліміздің бірқатар өңірінде қардың қарқынды еруінен елді мекендерде су тасқыны болып жатыр. Біздің өңірде төтеншеліктер жағдай тұрақты деп айтып отыр. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарады.

Қазір өңірде автокөлік жолдарының 14 аумағы жіті назарда. Оның ішінде 5 тас жол, республикалық, 1 облыстық және 8-зі аудандық маңызы бар. Бұған қоса, 6 аймақ қауіпті деп танылған. Олар, облыс орталығы, Ақсу қаласы мен ауылдық аймағы, Ақтоғай ауданында екі ауыл, Май және Аққулы аудандарында бір учаскесі су басу аймақта. Құтқарушылар өңір бойынша өткен тәулікте 25 мың текше метр су тазартты.

1 800 текше метр қар шығарылды. 1400 қап құм себілді. Жолдарды нығайту жұмыстары да жалғасып жатыр. Айта кетейік, өңір бойынша қазір 75 ассенизаторлық көлік пен су соратын 111 мотопомпа жұмыс жасауда.

Әйгерім Тоқпанқызы