Қар суы Успен ауылына да жетті. Тұрғындардың жылдап салған үй жайлары, қоралары су астында қалды. Ауданда бір үйге тіпті толық су кіріп кетті.

Успен аудынының тұрғыны Әзима Арынованың үйі судан ең көп зардап шеккен баспананың бірі. Кенеттен келген су үйге толығымен кіріп, еден, жиһаз, техниканың бәрі жарамсыз болып қалды.

ӘЗИМА АРЫНОВА, УСПЕН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Барлық техника жихаз бәрі техника жарамсыз десек болады. Су ағыны келгенде үлгергеніміз осы ғана болды. Бәрі судың астында қалды. Сымдар бәрі суда тұр. Қаладан келген техника суды тартып жатыр. Жарықты қосу мүмкін емес.

Кәріз жүйесінде су тасып, оның иісі үйдегі киімдер мен заттарға сіңіп кеткен. Үйде тұруға мүмкін емес болғандықтан, қазір Әзима Арынова екі баласымен туысқандарын паналауға мәжбүр. Ең өкініштісі, бұл үйдің несиесі де бітпеген.

Күні кеше жапа шеккен тұрғынға облыс, аудан әкімдері келіп көмек көрсетеміз деген. Сондықтан Әзима Арынова билік өкілдері жан-жақты қолдау көрсетеді деп сеніп отыр.

Жалпы бұл аумаққа ағын су 29 наурызда кешкі уақытта келген. Республикалық бағыттағы тас жол шайып, Успен елдімекеніне жеткен.

МЕДЕТ ШОҚАНОВ, УСПЕН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Арнайы комиссия құрылады. Келтірілген зардапқа сараптама жүргізіп, шығынын есептейді. 1 үй қатты зардап шекті. Бұл сұрақ бақылауда тұр. 30 шақты мамандандырылған техника мен 50 адам жұмылдырылды. Инертті материал, қаптар қойылды. Одан кейін елдімекенге жеткен суды сору жұмыстарын жалғастырдық.

Қазіргі уақытта далалық аймақта су жетерлік. Бірақ жергілікті билік өкілдері жағдай қайталанбайтындай алдын алу жұмыстары жасалды деп отыр.

Самал Қалиқызы